+7 (7172) 26-63-47

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында өткен «Отбасылық Жеңіс» онлайн-жарысының жеңімпаздары анықталды.

Аталмыш жарыс, ағымдағы жылдың 19 желтоқсан күні күні сағат: 11.00-де онлайн режимде ZOOM мобильдік қосымшасы арқылы,  төрт топта өтті. Жарысқа қатысқан отбасылар регламентке сәйкес жаттығуларды орындады. Әр топ үшін 1 минут уақыт берілді.

Жарысқа өтінім қағаз берген барлық Нұр-Сұлтан қаласының  отбасыларынан құралған командалар қатысты.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II және III орындарға ие болған командалар ұйымдастырушылар тарапынан бекіткен дипломдармен, медальдармен және сыйлықтармен  марапатталды.

Онлайн жарыс жеңімпаздары:

2012 жылы туған балалар арасында Маренковтар отбасы Чемпион атанды, Дмитрий, анасы Олеся, қызы Валерия.

2013 жылы туған балалар арасында Габбасовтар отбасы Чемпион атанды, команда құрамында әкесі Асхат, анасы Айнагүл, қызы Анеля.

2010 жылы туған балалар арасында Искам отбасы Чемпион атанды, команда құрамында әкесі Александр, анасы Евгения, қызы Алина.

2014 жылы туған балалар арасында Шкляр отбасы Чемпион атанды, команда құрамында әкесі Никита, анасы Ольга, қызы Евангелина.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерді  шын жүректен құттықтаймыз!