Ағымдағы жылдың 10 шілде күні, ҚР Тұңғыш Президенті сынағының II кезеңі өтті. Сынаққа Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекеме ұжымдары мен қала спортшылары қатысты. Тестілеу елордадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында тапсырылды.
Тестілеудің II кезеңі - 3 бөлімнен тұрды. Атап айтсақ, граната лақтыру, 100 м, 1000 м қашықтыққа жүгіру. Сынаққа қатысушылар жас ерекшеліктеріне байланысты 7 кезеңге бөлініп, санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып белгіленген уақыт бойынша қабылданды.
Еске салсақ, Президенттік тестілеудің I кезеңі ағымдағы жылдың 25 маусым күні «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде басталған болатын. Алдағы сынақ тамызы айының ортасына дейін жоспарланған.
Президенттік және ұлттық деңгейін орындаған қатысушылар барлық жас санаттары бойынша (ерлер, әйелдер) медаль, дипломмен марапатталады.
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/proshel-ii-etap-sdachi-testov-pervogo-prezidenta-rk.html#sigProId17e128032c