Астана қаласында 24 желтоқсанда «Astana Winter Marathon: мүмкіндік шегінен тыс» ұзақ қашықтықтарға тұңғыш қысқы жүгіру жарысы мәресіне жетті. 10, 21 және 42 км 195 м қашықтыққа үш жас санатында 400 қатысушы тілек білдірді. Спортшылардың көпшілік бөлігін ерлер құрады, барлығы 298 адам, әйелдер арасынан қатысушылар саны - 90. Өз жанұясымен мәреге жеткен Жарыстың ең жас қатысушысы бар болғаны 9 жаста, ал ең егде қатысушы 70 жаста. Қатысушылар ішінде өкімет және Қазақстандық бизнес өкілдері бар. «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Төрағасы Болат Жәмішев 21 км қашықтықта, BI Group басшысы Айдын Рахымбаев жанұясымен 10 км қашықтықта мәреге жетті.
Аталған қашықтықты еңсерген әрбір қатысушыға мәреші медалі берілді. Әр қашықтық бойынша 10 км және 42 км 195 м және үш жас санаты (18-34, 35-44, 45+) бойынша жеңімпаздарға жүлделер мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. 10 км қашықтықта Арман Ғалымов және Әсем Меркажанова, 21 км қашықтықта Павел Брода және Әсел Құспанова, марафон жарысында ер азаматтар қатарынан абсолюттік жеңімпаз Асқар Жаңабергенов болып танылды.
Астанадағы ауа райы жағдайы: аса қолайлы -4*С және бүгінгі қар қысқы спорт мерекесі ахуалын қалыптастыра отырып Астана Триатлон Паркі трассасын көріктендіре түсті.
Жарыс бастамашысы, «Marathon» жүгіру клубының құрметті мүшесі, Гиннес рекордтар кітабының жеті дүркін рекордшысы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Марат Жыланбаев болды. «Astana Winter Marathon: мүмкіндік шегінен тыс» марафонына Астана қаласының Әкімдігі, «ҚР Жеңіл атлетика федерациясы» ҚБ және іс-шараның демеушілері қолдау көрсетті.