+7 (7172) 26-63-47

 
📍15-22 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы Жеңіл Атлетика Спорт Кешенінде садақ атудан халықаралық жарыс өз мәресіне жетті.
 
📍Байрақты бәсеке еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы және астанамызда осы спорт түрінің негізін қалаушы Светлана Лиді еске алуға арналды. 
 
📍Қазақстан спорт тарихында тұңғыш рет өтіп жатқан халықаралық деңгейдегі ауқымды турнирге 7 елден 100-ден астам кәсіпқой спортшылар қатысты. Атап айтсақ, Қырғызстан, Өзбекістан, АҚШ және Ресей сыңды елдер.
 
📍Турнир аясында жеке және командалық біріншілік жаттығуларында 10 медаль жиынтығы сарапқа салынып, 6 күн бойы өзара мықтыларды анықтап, ең үздіктерін марапаттады.
 
💬...
«Жарысқа еліміздің және көрші мемлекеттердің үздік спортшылары келді. Араларында Олимпиада және Азия ойындарының қатысушылары, тіпті, жүлдегерлері де бар. Халықаралық дода аса тартысты өтті. Бұл спортшылардың тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдауға жақсы мүмкіндік болды» – дейді садақ атудан Нұр-Сұлтан қалалық құраманың аға жаттықтырушысы Ирина Ли.
 
🥇🥳🥈🥳🥉
 
Нәтижесінде, классикалық садақ атуда ресейлік Баир Цыбикдоржиев топ жарды. Ал, әйелдер арасында қазақстандық  Александра Воропаева қарсылас шақ келтірмеді. Жасөспірімдер арасында тағы бір қазақстандық Владислав Мағжанов пен өзбекстандық Мунисохан Юлдашева жеңімпаз атанды. Блоктық садақ атуда жерлестеріміз Сергей Тиан мен Адиль Жексенбинова үздік нәтиже тіркеді. Ал, аралас сында Айман Амангелді мен Александр Смагин жұбы чемпион болды.
 
📍Алдағы уақытта бұл бәсекені тұрақты ұйымдастырып, Азия және Әлем Кубоктарының кезеңіне айналдыру жоспарланып отыр.