+7 (7172) 26-63-47

29 05 2018Астана қаласындағы «Студенттік», «Президенттік», «Жерұйық» және «Астана» орталық саябақтарда 26-29 мамыр күндері Саябақтағы бағдарлау спортынан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтіп жатыр.  

Бұған дейін қалың ормандарда өтіп жүрген сайыс енді қала ішіндегі саябақтарда да ұйымдастырылды. Атап айтсақ осы 4 күн бойы «Студенттік», «Президенттік», «Жерұйық» және «Астана» орталық саябақтарда жарыс өткізілмек. Қазір әлемде осы  ойын түрі етек жая бастады.

 Жылдамдық пен ептілікті әрі жолсыз бағытта тез шешім қабылдауды қажет ететін ойын түрі бүгінде еліміздің 9 аймағында тіркелген. Аталмыш Чемпионатқа Қазақстанның 9 аймағынан 200 ге жуық спортшы келді. ҚР Чемпионатында спортшылар қысқа және орта қашықтық сайыста сынға түседі.

Бұл сайыста спортшылар картамен, компаспен жүгіріп, азимутты бағалайды.  Сонымен қатар әр спортшының өзінің жүгіретін КПП-лары бар. Сондықтан бұл сайыс – ақыл-ой, адамның тез арада шешім қабылдауын өткеретін спорт түрі болып саналады.

Айта кетейік ертең аталмыш жарыстың соңғы күні және жеңімпаздарды марапаттау.

Жарыстың басталуы сағат 10.00

Өтетін орны «Астана» орталық саябағы

Біз сіздерді күтеміз!!!!

#АСТАНА #САЯБАҚТАҒЫ БАҒДАРЛАУ СПОРТЫ #ҚРЧЕМПИОНАТЫ

{gallery}news/2018/05/29{/gallery}