+7 (7172) 26-63-47

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Мұғалімдер күнін мерекелеу аясында «Алматы» ауданының мұғалімдері арасында Волейболдан турнир өтті.
 
Аталмыш турнирге 21 команда қатысты.
 
Сонымен қатар, марапаттау рәсіміне «Алматы» ауданының әкімі Ерлан Бекмурзаев, «Nur Otan» партиясының Алматы аудандық филиалының өкілі және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің "Спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы" КММ басшының орынбасары Ержігіт Өсербай қатысып жеңімпаз командаларды марапаттап, жылы лебіздерін білдірді.
 
Жеңімпаз командаларға ұйымдастырушы тарапы дипломмен, кубокпен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
 
Сонымен бірге, «Үздік ойыншы», «Үздік үйлестіруші», «Үздік шабуылшы» және «Үздік қорғаушы» номинацияларына үздіктер ие болды.
 
 
Жарыс қорытындысы бойынша:
1 орын - №86 мектеп гимназия командасы
2 орын - №74 мектеп - гимназия командасы
3 орын - №52 мектеп - гимназия командасы
 
Номинация бойынша:
 
?«Үздік ойыншы»-Есенаманова Айнұр
 
«Үздік үйлестіруші»- Айтмұханбет Нұрбек
 
«Үздік шабуылшы» - Кулебаев Серік
 
«Үздік қорғаушы» - Көшкінбай Әсет