+7 (7172) 26-63-47

Бүгін «Есіл» ауданының «Үміт» ардагерлер орталығында шахмат-дойбы жекпе-жектерінің атақты жанкүйерлері Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен қарттар күнін мерекелеу аясында достық кездесу өткізді.
Турнирге «Парасат», «Бірлік», «Үміт», «Арман қала», «Замандас» шағын орталықтарынан 34 зейнеткер қатысты.
Жеңімпаздар:
Шахмат:
1 орын - Искаков Ниязбек Ашимұлы
2 орын-Бердигалиев Алмабек Қапизұлы
3 орын-Чен Валерий Николаевич
Әйелдер арасындағы дойбы:
1 орын-Омарова Гульсум Камитқызы
2 орын - Асқарбаева Бахытжан Дауылбайқызы
3 орын - Мирошниченко Валентина Михайловна
Ерлер арасындағы дойбы:
1 орын - Столяров Сергей Павлович
2 орын-Уагизов Алтынбек
Іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы «Есіл» ауданының әкімдігімен бірлесіп, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырды. Келесі турнир 29-30 қыркүйекте «Үркер» тұрғын алабының зейнеткерлері арасында өткізіледі.