+7 (7172) 26-63-47

Repost @shymkent_sport_baskarma
 
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Орталық Азия Инновациялық Университетінің, Академик Мардан Сапарбаев институтының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне Асанбай Асқаров атындағы Дендро саябақта 1-желтоқсан күні сағат 11:00-де вело шеру 
ұйымдастырылды. 
 
Іс-шара 24.KZ телеарнасы арқылы тікелей эфирде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызының сөзімен бастау алып, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Аманжолұлының вело шеру қатысушыларын 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, мерекенің маңызына тоқталуымен жалғасты.
 
Тұңғыш Президенті күніне ұйымдастырылатын вело шерудің мақсаты тұрғындарға салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. 
 
Вело шеруге қала тұрғындары мен студент жастар (қоса алғанда 100-ден аса адам) қатысты. Қатысушылар 5 шақырым қашықтықта вело жолақты жүріп өтеді.
 
Іс-шарада велосипед спортынан қаланың жетекші спортшылары мен жаттықтырушылары шеберлік сабақтарын көрсетіп, қауіпсіздік шараларына тоқталды. Осылайша атаулы спорттық іс-шара бастау алады.

Онлайн кім

Қазір 192 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр