Балаларды қорғау күніне, сондай-ақ ел тәуелсіздігінің 30 жылдығының арналған іс-шараға екі жүзге жуық спортшы балалар мен жасөспірімдер қатысты.Веложүгіріс қатысушы жас спортшылар 3 км қашықтықты велосипедпен жүріп өтті. Веложүгіріс соңында қатысушылар арасында ұтыс ойыны ойнатылып, балаларға бағалы сыйлықтар велосипедтер, велоспортқа қажетті құрал-жабдықтар табысталды.
Сондай ақ “Витрина недвижимостей” ЖШС атынан номері № 6 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиеленушілеріне велосипед тебуге арналған бас киімдер берілді.Веложүгіріс барлық карантин шараларын сақтай отырып ұйымдастырылды.
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/sostoyalsya-massovyj-velozabeg-sredi-detej-sportivnykh-shkol-goroda-nur-sultan.html#sigProIdc73a103fb9