Бүгін «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметкерлері және бағынысты мекемелер арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының тестілерін тапсыру бастау алды.
Іс-шараның салтанатты ашылуына Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов және Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев қатысты. Тестілеу Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары, сондай-ақ елорданың спорт ұйымдарының қызметкерлері арасында өтті.
Ерлан Тоқтарханұлы, Ерлан Ермекұлы, Самат Серікқанұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, тестілеуді алғашқылардың бірі болып бастап берді.
Президенттік тестілерді қабылдау ағымдағы жылдың 25 маусымы мен 8 тамызы аралығында жоспарланған.
Сонымен қатар сынақты спорттың 7 түрінен тапсырады. Атап айтсақ: жүгіру, тұрған орнынан ұзындыққа секіру (см), бел темірге тартылу, жатып кеуде көтеру, граната лақтыру (м).- 700 гр (ер.)- 500 гр (әйел.), кіші оқпанды (пневматикалық) винтовкадан 5рет ату және жүзу.
Президенттік және ұлттық деңгейін орындаған қатысушылар барлық жас санаттары бойынша (ерлер, әйелдер) медаль, дипломмен марапатталады.
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/sportsmeny-i-sotrudniki-sportorganizatsij-sdali-prezidentskie-testy-fizpodgotovki.html#sigProId452eaa7dc1