Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайынғы дәстүрлі «Бұрқасын-2021» қысқы фестивалі өтті. Аталмыш іс-шара жыл сайынғы қысқы фестиваль бағдарламасы аясында спорттың 8 түрінен: шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, пималы хоккей, қармен нысананы дәлдеп ату жарысы, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол секілді жарыстар бойынша ұйымдастырылды.
Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
«Құрметті қала тұрғындары мен спортсүйер қауым. Бұл «Бұрқасын-2021» қысқы фестивалі дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылады. Көріп отырғанымыздай, сайысқа кішкентай баладан аға буынға дейін қатысушылар қатысуда. Қысқы ойындарға қатысып, белсенділік танытып жатқан спортшыларға үлкен алғыс айтамыз. Біздің мақсатымыз – салауатты өмір салтын және спортты насихаттау. Баршаңызға тілектеспіз, сәттілік тілеймін!», – деді Б.Мәкен.
Бұрқасын жарысында көрермен көзайымына айналып үлгерген авто-мото спорт түрінен бүгінгі жарыста еліміздің бес өңірі: Павлодар және Ақмола облыстары мен Өскемен, Қарағанды, Нұр-Сұлтан қалаларынан да спортшылар бақ сынады. Мұз үстіндегі дрифт сайысын тамашалауға келгендер де аз болмады.
“Бүгін отбасымызбен жыл сайынғы "Бұрқасын 2021" фестивалін тамашалауға келдік. Биыл міне бүгінгі ауа райына қарамастан, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтіп жатыр. Өте керемет іс-шара, жоғары деңгейде. Жылдан жылға көрермендерде көбейіп, қатысушыларда көбеюде. Бұл жарыста немерем қатысып жатыр. Барлық қатысушыларға, соның ішінде шаңғы жарысына қатысып жатқан немереме сәттілік тілеймін”- деді елорда тұрғыны Байзақ Талапнұр.
«Бұл фестивальға 2019 жылдан бері қатысып келем. Бүгін шаңғы жарысында өз жас тобым бойынша 1 орын иеленіп, сыйлық алып отырмын. Өте қуаныштымын. Осы іс-шара ұйымдастырушыларына қалалық әкімдікке, спорт бамқармасына алғысымды айтамын. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Бүгінгі демалыс күнімді керемет өткіздім. Барша қауымды осындай бұқаралық жарысқа қатысуға шақырамын!»-деді Дина Джакенова.
Елорданың ауа райына қарамастан жарысқа 1000 нан аса адам жиналды. Олар әр жерде ұйымдастырылған спорт түрлері бойынша сынға түсті. Жарыс санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жүргізілді.
Әр жас тобындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/traditsionnyj-zimnij-festival-burkasyn-2021-proshel-v-stolitse.html#sigProId948bc39977