Сіздерді, аудан тұрғындары арасында өтетін «СПОРТ – МЕНІҢ ОТБАСЫМДА» атты онлайн сайысқа қатысуға шақырамыз.
Аталмыш сайыс, ағымдағы жылдың 23 қаңтарында, сағат: 12.00-де онлайн режимде ZOOM мобильдік қосымшасы арқылы өтеді.
Байқауға қатысу үшін +7 747-054-59-00 WhatsApp нөміріне өтініштеріңізді (неке туралы куәлік және баланың туу туралы куәлігі) 22 қаңтарға дейін жіберулеріңізді сұраймыз.
Жарысқа Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданынан өтініш қалдырған отбасылық командалар қатыса алады. Команда құрамы 3 адамнан, яғни әкесі, анасы, баласынан құралады.
Жарыс екі жас топтары бойынша өткізіледі:
1. Әкесі, анасы, 7-9 жасқа дейінгі ұлдар, қыздар;
2. Әкесі, анасы, 11-12 жасқа дейінгі ұлдар,қыздар.
? Әкесі орындайтын жаттығу: 1 минут ішінде еденнен қолды 90 градусқа дейін көтеріп, міндетті түрде жоғарғы нүктеге дейін жеткізіңіз.
? Анасы орындайтын жаттығу: 1 минут ішінде арқада жатып денені көтеру, қолды бастың артына құлып тәрізді салу, аяқтар 90 градусқа бүгілген. Жаттығуды әкесі бақылау қажет.
??Баласы (ұлдар, қыздар) 1 минут ішінде екі аяғымен отыруды орындайды, қолдары мойын артында құлып тәрізді орналасу қажет.
? Жалпы нәтижелер бейне тексеруден кейін анықталады. Әрбір дұрыс орындалған жаттығуға 1 балл. Жеңімпаздар командасы жинаған бал сомасы бойынша анықталады.
Жүлделі орындарға ие болған командалар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ бекіткен дипломдармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталады.