+7 (7172) 26-63-47

Достар, 30 шілде күні Есіл ауданына қарасты Ботаникалық бақта, стритболдан "NUR-SULTAN CUP" турнирінің іріктеу кезеңі өтті. Жарысқа қатысушылар "ASHYQ" қосымшасы арқылы жіберілді. Іс-шара барлық санитарлық нормалар мен жарыс ережелерін қатаң сақтау арқылы өтті.
Айта кетейік стритбол жарысының бірінші кезеңі 19 маусымда, Алматы ауданындағы Президенттік саябақта басталған болатын. Тағы бір еске сала кететініміз, біріншілік ойындары тек демалыс күндері әр аудандарда белгіленген уақытта өтеді. Бұл жарысқа U16 және U18 санатындағы қыздар мен ұлдардан құралған командалар қатысуда.

?⛹?‍♂️
Жарыс қорытындысы бойынша:

?U16 (қыздар)
1 орын- Бешеный
2 орын- ОКС
3 орын-STRONG

?Үздік ойыншы: Сонсалова Тамила

?U16 (ұлдар)
1 орын-No mercy
2 орын- Шаражкина контора
3 орын- Завод

?Үздік ойыншы: Турдев Ерасыл

?U18 (ұлдар)
1 орын-3’nd
2 орын-Street Beavers
3 орын-ANTA

?Үздік ойыншы: Амангельдинов Асет