+7 (7172) 26-63-47

«Astana Marathon-2021» марафонын өткізуге байланысты 26 қыркүйекте (жексенбі) сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін жүгіру бағыты бойынша көлік құралдарының қозғалысы толығымен шектеледі.
Осы уақытта жүгіру бағыты өтетін көшелер толығымен немесе ішінара жабылады. Жүгіру екі қашықтық бойынша жүргізіледі: 10 км және 42,2 км.
Жарыс 10 км –де: Рысқұлов –Қабанбай батыр - Орынбор –Мәңгілік Ел-Рысқұлов бағыты бойынша өтеді.
42.2 км жүгіру келесі бағыт бойынша өтеді: Рысқұлов –Қабанбай батыр –Орынбор – Мәңгілік ел – Қалдаяқов – Панфилов – Тәуелсіздік – Нәжімеденов – Нұрмағамбетов - Байтұрсынов – Қошқарбаев – Жұмабаев – Момышұлы – Абылай хан –Қажымұқан - Жұмабаев – Қошқарбаев – Қонаев –Қазақ радиосы - Достық – Мәңгілік Ел – Рысқұлов.
Осыған байланысты, елорда тұрғындары мен қонақтарын автокөлікпен жүру бағытын ыңғайластыру мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз.