Елорда төрінде жеңіл атлетикадан «Nur-Sultan Open 2021» жасөспірімдер арасында қалалық ашық чемпионаттың ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының жеңіл атлетика басшысы, елорда әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев және жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегері, жеңіл атлет Дмитрий Карпов қатысты.
Екі күнге созылған байрақты бәсекеге өңірімізден 175 спортшы қатысты. Екі жас бойынша жалпы командалық есепте 1 орынды 13 алтынмен Қарағанды облысы алса, екінші орынға 12 алтынмен Нур-Сұлтан қаласы келіп жайғасты, 3 орынды 8 алтынмен Солтүстік Қазақстан облысы қанжығасына байлады.
Чемпионаттың жабылу салтанатында Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Серікханұлы, жеңіл атлетикадан мемлекеттік жаттықтырушы Елжанов Қуандық Ескермесұлы, 9 БЖСМ басшысы Айдын Қайролла және Олимпиадалық даярлау орталығының директоры Мұратбек Қыпшақбаев қатысты.
«Бүгін міне екі күнге созылған жарыс өз мәресіне жетті. Осынау салынған манежде ұйымдастырылып жатқан алғашқы жарыс. Сіздер білесіздер, Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы айтқандай елімізде бұқаралық спортты дамыту, дәл сіздердей жасөспірім балаларды әлемдік деңгейде өңер көрсетуге мүмкіндік беру. Барша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шың жүректен құттықтаймын! Тек биік белестермен шыңдарды бағындыра беріңіздер, әлемдік додаларда сіздерді көрейік», -деді өз сөзінде Нұр-Сұлтан қаласынының спорт басқармасының басшысы Самат Серікханұлы.
«Мен Милена Ивкина Ақмола облысынанмын. 2006-2007 қыздар арасында 1 орынға ие болдым. Қуанышымда шек жоқ, мен өте қуаныштымын қатрластарымнан топ жарғаныма. Мен бұл жарысқа көп дайындалдым, көп күш жұмсадым, оңай болмады. Ең соңғы шешуші жүгіруде барынша тырыстым. Қарсыластарымда мықтылықтарын таңытып жатты осы екі күн бойы. Жоспарым алдағы жарыстарға дайындық. Биік шыңдарды бағындыру, туымызды әлемдік деңгейде желбірету».
««Nur-Sultan Open 2021» елорданың ашық қалалық чемпионаты өз мәресіне жетті. Екі күн бойы, Нұр-Сұлтанда жаңадан салынған «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде 12-13 ақпан аралығында болды. Бұл жарысқа Қазақстанның 6 өңірінен, 175 спортшы қатысты. Спортшыдарымздың жүздеріне қарап айтуға болады жарысты сағынып келіп жатқаның. Соған қарағанда балалар өздерін осы жарысқа ыңталандырып, бір жеңіске деген құштарлықтарымен, мақсаттарымен, талпыныстарымен келгенің байқауға болады. Жарыс енді жоғары деңгейде өтті. Енді қазіргі талаптарға сәйкес кішкене қиыншылықтар тудырды, соған қарамастан жарысты жақсы атқарып шықтық деген ойдамын. Командалық есептерден қарағанда бізде көбінесе өзіміздің Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары жүлделі орындарға кіріп жатты, кейін Қарағанда қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола облысы. Осы 4 облыстан келген командалар жоғары жетістіктерге көп жетті. Ұйымдастырушы жағынан бәрі тамаша. Келген командалардың жаттықтырушылары рахметтерін айтып, барлығы жақсы көңіл күйде үйлеріне жүлдемен қайтып жатыр», - деді жарыстың бас төрешісі Айдын Сайлауханұлы.
Жеңіл атлетикадан «Nur-Sultan Open 2021» ашық Чемпионатына қолдау көрсеткен, спортты қолдау бойынша Қазақстандағы №1 «ASU» су компаниясына алғыс білдіреміз!
Барша жеңіл атлетиктерді жеңісімен құттықтаймыз. Алдағы уақытта да еліміздің туын көкке желбірете беріңіздер!
Нәтижелері:
2006-2007 ж командалық нәтиже
1 орын Нұр-Сұлтан - (8 алтын)
2 орын Солтүстік Қазақстан облысы - (5 алтын)
3 орын Қарағанды - (4 алтын)
2004-2005 жкомандалық нәтиже
1 орын Қарағанды - (9 алтын)
2 орын Нұр-Сұлтан - (4 алтын)
3 орын Солтүстік Қазақстан облысы- (3 алтын)
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/v-nur-sultane-proshel-gorodskoj-chempionat-nur-sultan-open-2021-po-legkoj-atletike-sredi-yuniorov.html#sigProIdb5915bfa34