+7 (7172) 26-63-47

«Кирпичный» тұрғын алабында «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің және «Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ ұйымдастыруымен балалар арасында көңілді старт жарысы өтті.

Көңілді старт бағдарламасында: допты хоккей эстафетасы, кім жүйрік, Капитандар сайысы, Ватрушкалар және допты эстафета жарыстары ұйымдастырылды.

Эстафеталық ойындардан тұратын жарыстың басты мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, аула балаларына достықты насихаттау.

Эстафеталық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылған бағалы сыйлықтармен марапатталды.

#Көңілдістарт
#Байқоңырауданы