Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында "Қазақ күресінен" Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 180 спортшы қатысуда.
Жарыс "Qazaq kuresi" қауымдастығы бекіткен "қазақ күресі"ережелері бойынша өтуде. 26 күні жалауын көтерген үш күндік боз кілемдегі бәсекеде еліміздің 17 құрамасының балуандары -38, -42, -46, -50, -55, -60, -65, 70, -75, +75 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатыр.
Бүгін жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Спорт және Дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпив, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Макен және «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айбек Нұғымаров қатысты.
Бақтияр Макенұлы жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі. Сондай ақ 50,55,60,65 келіде жеңіске жеткен жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.
Жарыстың бас төрешісі Болат Ақжігітов карантинге байланысты әр өңірден өз салмақтары бойынша бір-бір спортшы іріктелініп алынғанын айтты:
"Чемпионатқа әр облыстан бір бір спортшы ғана жолдама алды. Жарыс барлық санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережесін сақтай отырып өткізілуде. Жарысқа рейтингктен өткен үздік арнайы шақырылған 20 төреші жарсыты төрелік етті. Барлық балуандардың дайындық деңгейі жақсы, бәрі бір деңгейде. Себебі бір жылдан кейінгі бірінші жарысымыз болғандықтан біраз спортшыларымыздың салмақтары өсті. Барлығы жоғарғы деңгейде өтуде" - деді Болат Ақжігітов.
«Қызылорда облысы Қызылорда қаласынан осы жарысқа, яғни ҚР Чемпионатына келдім. Есімім Бауыржанұлы Шейхрахман. Жарысқа карантин режимінде дайындалдық. Сол жағынан қиындықтар болды. Бүгін жарысқа келген спортшылардың барлығы мықты, ешкім осал болмады. Белдесуде менің қарсыластарым мықты болды. Бүгін менің бағым мен бабым шауып осы жарыста жеңімпаз атанып, 1 орынды иелендім. Ақтық сыңда мен Жамбыл облысының балуанымен белдестім және оны айқын басымдылықпен жеңдім»-деді Қызылорда облысының балуаны Шейхрахман Бауыржанұлы.
Чемпионаттың ертеңгі қорытынды күні 38, 42, 46 келідегі спортшылар белдесетін болады.
Ел чемпионатының ұйымдастырушылары Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы және "Qazaq kuresi" қауымдастығы.
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/v-stolitse-prokhodit-chempionat-rk-po-aza-k-resi.html#sigProIdd56890c990