Бүгін елордада, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасымен қаламыздың тұрғындары арасында, конькимен сырғанау және шаңғымен жүруді үйрету тегін сабақтары өтті. Аталмыш, кезекті іс-шара елорданың 4 ауданында яғни, «Сарыарқа», «Есіл», «Алматы» және «Байқоңыр» аудандарында өтіп жатыр.
Бүгінгі, іс-шара аясында, Сарыарқа ауданына қарасты Қалалық әкімдік алаңы алдында, тегін сабаққа қатысқан бүлдіршіндермен бірге "Қысқы көңілді старт" жарысы өтті. Жарыста бүлдіршіндер екі топқа бөлініп, өзара жарысып, ұйымдастырушы тарапынан ұсынылған сыйлықтармен марапатталды.
‼️? Айта кетейік, конькимен сырғанау және шаңғымен жүруді үйрету тегін сабақтары санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, нұсқаушының бақылауымен жүргізіледі.
?Тегін сабақтар демалыс күндері қаламыздың төрт ауданында, сағат 11:00 ден 12:30 ға дейін және 15:00 ден 16:30 аралықтарында өтеді.
? Тегін үйрету сабаққа 7 жастан асқан балалар және егде жастағы қатысушылар қатысуға болады. Сонымен қатар бұл тегін сабақтың ерекшелігі ұйымдастыру тарапынан құрал-жабдықтар, келген қатысушыларға тегін беріледі. Алдағы жоспарда бұл іс-шара әр демалыс күндері наурыз айына дейін жалғасады.
?Тегін сабақтың жалпы мақсаты қала тұрғындарын спортқа баулу, салауатты өмір салтын ұстану, таза ауада отбасыларымен бірге болу, қысқы ойындарды насихаттау және қала тұрғындар арасында спортқа деген қызығушылықты арттыру.
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/v-stolitse-proshli-ocherednye-besplatnye-zanyatiya-po-obuchenii-kataniyu-na-konkakh-i-lyzhakh.html#sigProIdf628b661a8