Нұр-Сұлтан қаласындағы Триатлон паркте санитария нормаларын сақтай отырып "Вирусқа спортпен соққы береміз" атты жеке жүгіруден жарыс өтті. Белгіленген маршрут бойынша жүгіру түрлі жастағылар үшін бірдей. Яғни 10 км қашықтықта және әр қатысушы жеке өз стартымен жүгіріп өтті.
Таңғы сағат 07:00 де 50-59 және 60+ жас тобындағы қатысушы ерлер мен әйелдер жарысты бастаса, қалған қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан белгіленген уақыт бойынша жүгіріп өтті.
Жарысқа 300 ге жуық қатысушылар тіркеліп, қатысушылардың арасы кем дегенде 30 секундты қамтыды. Айта кетсек, жеке жүгіру жарысында топ боп жүгіруге тыйым салынған.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 28-30 желтоқсан күндері, Нұр-Сұлтан қалалық Триатлон Федерациясының (Қабанбай батыр 41А мекенжайы бойынша) кеңсесінде сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қашықтан өтеді.
Іс-шараны дене шынықтыру және спорт басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы" КММ, Нұр-Сұлтан қаласының "Триатлон Федерациясы" ҚБ, "Нұр-Сұлтан қаласының жеңіл атлетика федерациясы” ҚБ, “Қазақстан велосипед спорты федерациясы” РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ұйымдастырды.
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/v-stolitse-proshli-sorevnovaniya-po-individualnomu-begu.html#sigProId6eb502f11e