Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Триатлон паркінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қысқы триатлоннан жекелеген жарысы өтті. «Супер спринт» қашықтығы бойынша кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасында өткен жарыстың ұйымдастырушылары Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Нұр-Сұлтан қаласының триатлон федерациясы.
Шараның салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Спорт және Дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сапиев, Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев және Нұр-Сұлтан қаласы триатлон федерациясының президенті Биржанов Ержан Ерікұлы, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қорының басшысы Нұргүл Ұлжекова қатысты.
Жарысқа тек елордалықтар ғана емес, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық спортшы жиналды.
Қатысушылар: жүгіруден-2 шақырым;
веложарыстан – 3 шақырым;
шаңғы жарысынан - 2,5 шақырым қашықтықта бақтарын сынады.
Қашықтықты белгіленген уақыттан кешіктірмей аяқтаған жеке жарыстың әрбір қатысушысы мәреде естелік медальдармен марапатталды.
Жас санаттары бойынша I-II-III орын алған спортшылар 23-25 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының триатлон федерациясының кеңсесінде арнайы марапатталатын болады.
Сондай-ақ, іс-шараның қонақтары мен қатысушылары үшін қоғамдық тамақтану аймағы (далалық ас үй) ұйымдастырылды.
“Жарысты ұйымдастырудағы басты мақсат - спорт әуесқойлары мен салауатты өмір салтын ұстанушылар арасында триатлон, велоспорт, жеңіл атлетика және шаңғы спортын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттап, бұқара халықты спортпен айналысуға шақыру”-деп атап өтті Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев.
Жарыстың ең үлкен қатысушысы 62 жастағы Байзақ Талапнұр ұйымдастырушыларға алғысын білдірді:
“Қысқы триатлон жарысы өте жақсы өтуде. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Мен бұл жарысқа жылда қатысамын. Бүгін жүгірумен бастап, шағымен жарыс жолын аяқтадым. Өте қуаныштымын. Барша жастарды спортпен айналысуға шақырамын”-деді Байзақ Сағындықұлы.
Айта кетейік қатысушылардан жиналған қаражат «Саламатты болашақ» - «Спорт баршаға» әлеуметтік жобасын қолдау үшін «Тең мүмкіндіктер әлемі» қайырымдылық қорына аударылатын болады.
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/v-stolitse-proshli-zimnie-sorevnovaniya-po-triatlonu.html#sigProIdd883f37310