10 қыркүйек күні «Астана Триатлон» саябағында жанұя күнін атап өту мерекесіне орай, «EXPO -2017» халықаралық көрмесіне арналған «Жанұялық дуатлон» өткізіледі. Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ барлық спортсүйер жанұяларды, жыл сайынғы барлық отбасына арналған спорттық-бұқарлық іс-шараға шақырады. «Жанұялық дуатлонға» әкелер, аналар және баллаар қатысып, спорттың екі түрі: жүгіру мен веложарыстан сынға түседі. Жанұялық команда жалпы 4 км 500 м қашықтықты бағындыруы тиіс. Әкелер 2 км, аналар 2 км, балалар 500 м жүгіріп өтеді.
- Жарысқа Астана қаласының спортсүйер жанұялары, «Жанұялық дуатлонға» қатысуға ниет білдірушілер, денсаулық жағдайына байланысты және дәрігер рұқсаты барлар қатысады.
- Тіркеу кезінде дуатлонға қатысушы әр жанұя мүшесіне, денсаулығына, өміріне және балалардың денсаулығына жауапты екендігі жөніндегі қолхат толтыруы тиіс.
- Жарысқа қатыса алатын балалардың жас шамасы: 9 - 11 және 12 - 14 жас.
- Өз велосипедтерінің болуы шарт.Ұйымдастырушылар велосипед бермейді!
- Велокезең уақытында дулығаның болуы шарт! Дулығасы жоқ қатысушылар жарысқа жіберілмейді!
- Ұйымдастырушылар жарыс уақыты,формасы, басталуы мен тіркеу уақытына өзгеріс енгізуге құқылы.
- Ұйымдастырушылар мен жарысты өткізуге қатысы бар адамдар спортшылардың денсаулығына жауап бермейді.
- Қатысушының нөмірі жарыс соңына дейін тұруы тиіс!
- Қатысушыларды тіркеу жарыс күні де өткізіледі
- Жарыс үш арақашықтықта екі спорт түрінен өткізіледі. Жалпы арақашықтық 4,5 км.
Біздің команда спортты сүйетін жанұя-болашық ұрпақты және бүкіл халықтың салауатты болашағының кепілі екендігіне сенімді. «Жанұялық дуатлон» былтырғы жылдың қыркүйек айында өткізіліп,лотореяда велосипедтер ойнатылып, басты жүлде Ыстықкөлге жолдама болған еді. Биылғы жылы басты жүлде-тұрмыстық техника. Сонымен қатар қатысушылар арасында лотореяда велосипедтер ойнатылады.
Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ бұл
жанұялық мерекенің қала тұрғындары үшін барынша қауіпсіз және жайлы өтуіне бар күшін
салады.
Ұйымдастырушысы Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу
дирекциясы» КММ. Іс-шара «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басақрмасы» ММ
қолдауымен өткізіледі.
«Отбасы дуатлоны» іс-шарасына тіркелу e-mail болады: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., байланыс телефоны: + 7 701 121 60 14