+7 (7172) 26-63-47

astanamarafonsite

17 қыркүйек күні  Астана Марафон басталады, қатысушылар саны 4500 адам деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта 3000 адам тіркелген. Бұл жылы 3 қашықтықта жүгіреді: 42 км, 21 км және 10 км.

«Астана Марафон 2017» қатысушылары сағат 6:00 басталады, сағат 6:20 қатысушыларға сергіту жаттығуларын WORLD CLASS ASTANA нұсқаушысы Замира Муржикова жүргізеді.

 

Марафонда 4 түрлі жүгірістен жарыс өткізіледі:

7:00 –42,2 км қашықтықта жүгіретін спортшылар жүгірісінің басталуы, қара түсті сөре аймағы.

7:15 –  21,1  км қашықтықта жүгіретін спортшылар жүгірісінің басталуы,  көк түсті сөре аймағы.

7:30 –10 км қашықтықта жүгіретін спортшылар жүгірісінің басталуы, жасыл түсті сөре аймағы.

7:35 –  10 км қашықтықтағы скандинавиялық жүрістен жарыстың басталуы, қызыл түсті сөре аймағы.

 

Марафон ережесіне сәйкес қатысушылар сағат 13.00-ге дейін келуі тиісті, кешіккен жүгірушілер жарыстан шеттетіледі.

42,2 және 21,1 қашықтықтарға тіркелу 11 қыркүйек күні аяқталды. 10 км-ді жүгірушілерді онлайн тіркеу 16 қыркүйекке дейін жалғасады. Сонымен қатар қатысушылар 16 қыркүйек күні 19.00 Astana Marathon EXPO 2017 спорт жәрмеңкесінде тіркеле алады. Тіркеуден өткен қатысушылар Жүгіруші Пакетін Astana Marathon EXPO2017 спорт жәрмеңкесінде 15 қыркүйек күні 11.00 және 20.00 аралығында, 16 қыркүйек күні 10.00 және 19.00 аралығында 16 қыркүйек күні Достық көшесі,2 Астана Марриот Отелінде ала алатындығы жөнінде  «Астана Марафон-2017» ұйымдастырушылары сайтында көрсетілген http://www.astana42k.com/

 «Астана Марафон» қатысушыларының ауқымы кең. Олар-қазақстандық және халықаралық компаниялардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, сонымен қатар алыс және жақын шет елден келген атлеттер. Алдын-ала берілген мәліметтер бойынша АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Испания, Италия, Корея, Қырғызстан, Қытай, Украина, Малайзия, Ресей елдерінің спортшылары қатысады. Астана қаласы мен республика аймақтарының спортшылары да қатысады. 42,2 км-де керемет нәтижелер көрсетіп жүрген әлемге әйгілі Кениялық жүгірушілер Саймон Кипругут Кируй және Генри Кипсанги Чебой қатысады деп күтілуде.

-Марафон қатысушылары – бір мақсатпен біріккен адамдар,олар-«Аяла», «СОС Детские Деревни», «Қасиеттi Жол», «Дом Мамы» қорларының әлеуметтік бағдарламаларына үлес қосып жүрген, спорттың дамуы мен қоғамдағы мәселелерге мән беруге, салауатты өмір салтын дәріптеп жүрген жандар,- деп айтып өтті Астана Марафон директоры Гаухар Брамлей-Фентон.

Марафон кезінде LED-экрандарда Головкин- Канело жекпе-жегі 09.00-ден 10:10-ге дейін көрсетіледі. Трансляция аяқталғаннан кейін  концерттік бағдарлама мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізіледі. Концерттік бағдарламада қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Көрермендерді қуантуға эстрада Алмас Кішкенбаев келеді деп күтілуде.

 «Астана Марафоне 2017» туралы ақпаратты ұйымдастырушылар сайтынан біле аласыздар: http://www.astana42k.com/

Ұйымдастырушылары Гаухар Брамлей-Фентон, Астана қаласының әкімдігі, «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирек