+7 (7172) 26-63-47

zozhsite

9 қыркүйек күні «Біздің денсаулығымыз біздің қолымызда!» ұранымен «Астана Триатлон саябағында» «Денсаулық фестивалі-2017» өтеді. Фестиваль бағдарламасы алуан түрлі және қызыққа толы. Фестиваль қонақтарына олимпиада чемпиондары Серік Сапиев және Бахтияр Артаев спорттық форманы сақтауға және сергектікке арналған жаттығулар кешенін көрсетеді. Ары қарай жүгіру мен спорттық жүруден сайысқа түседі, «Біз салауатты өмір салты үшін» науқаны мен флешмобына қатысады.

Фестивальдің көрермендері мен қатысушыларына джиу-джитсу стилін меңгерген спортшылар өнер көрсетеді. Спортшылар өз шеберліктерін паш етіп, шығыс жекпе-жектерінің құпияларын ашады.   Фестиваль бағдарламасына скандинавиялық жүруден шеберлік сабақтары кіреді, оны «Евразия» скандинавиялық жүру мектебінің нұсқаушысы Ләззат Бозгулова жүргізеді.

Сонымен қатар фестиваль алаңында «Денсаулық қалашығы» жұмыс жасайды. Бұл жерде дәрігерлерден тегін кеңес алуға болады: нутрициолог, кардиолог, дерматовенеролог, жалпы тәжірибедегі дәрігер кеңесі. Артериялық қысым, глюкоза мөлшері мен қандағы холестеринді өлшетуге болады.

Құрметті қонақтар-Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаев, ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.А. Биртанов, 2012 жылдың олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты С.Ж. Сапиев.

Фестиваль аясында жалпы білім беру және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде «Денсаулық сабақтары» өткізіліп, «Біз салауатты өмір салты үшін» тақырыбы қозғалады, мектеп төңірегінде оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдердің қатысуымен флешмобтар ұйымдастырылады.

Ауқымды науқанның ұйымдастырушылары-Астана қаласының әкімдігі, Денсаулық сақтау басқармасы, Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және де Астана қаласы әкімдігінің « Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.