29 шілде күні Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда 10.00 орталық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметкерлері арасындағы ҚР Президентік тесттің жаздық жарыстарының ашылу салтанаты және алғашқы ойындары өтеді.
Жарыс бағдарламасына енетін спорт дисциплинасы:
- 60 және 100 метрге жүгіру;
- алыс қашықтыққа жүгіру: 500 м, 1 км және 2 км;
- ерлер арасында тартылу;
- әйелдер арасында, денені жоғары көтеру;
- граната лақтыру,ерлер арасында 700 гр, әйелдер арасында 500 немесе 300 гр.
- доп лақтыру;
- бір орыннан ұзындыққа секіру.
Жарыс 5 тамыз Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда, және 12 тамыз күні «Қазақстан» және «Алау» мұз сарайында жалғасады.
Жыл сайынғы орталық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметкерлері арасындағы ҚР Президентік тестің жаздық жарыстары-елордамыздың басты спорттық шараларының бірі, ол бұқаралық спорттың даму деңгейінен хабардар етеді. Ұйымдастырушылары – «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ. «БЖСМ№2» КММ және «БЖСМ № 9»КММ қолдауымен.