2018 жылдың 14-15 шілде күндері «Алау» мұзайдыны сарайында Астана күніне орай Үстел теннисі бойынша дәстүрлі фестиваль өтеді. Жарысқа Қазақстаннан, Ресей және Өзбекістаннан келген 1000-нан астам кәсіби спортшы мен әуесқойлар қатысады.
14 шілдеде командалық және жұптық біріншілікте жүлдегерлер анықталады, ал 15 шілде күні жеңіс үшін келесі номинациядағы спортшылар күреске түседі: кәсіпқой, әуесқой, ардагерлер, жасөспірімдер және кадеттер, дене мүмкіндігі шектеулі спортшылар.
«Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ жарыстың жалпы басшылығын жүзеге асырады. Турнирді ұйымдастыру және өткізу бойынша құрылған комитетке келесі мекемелер кіреді – «Алау» мұзайдыны сарайы» МКҚК, «Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясы» ҚБ, «Astana» үстел теннисі клубы» ҚБ және «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ. «Qazsport» телеарнасы ақпараттық қолдау көрсетеді.
Ойын алаңдары Халықаралық үстел теннисі федерациясының Жабдықтар комитеті мақұлдаған, үстел теннисіне арналған Donic Waldner Classic 25 және Double Happiness үстелдерімен жабдықталатын болады.
Қазіргі кезде төрешілер алқасына қаланың спорттық және еңбек ұжымдарынан өтінімдер түсіп жатыр, дене мүмкіндігі шектеулі спортшылар үшін бөлек номинация құрылды.
www.alau.info сайтында реттемемен танысуға және өтінім формасын жүктеп алуға болады.
Үстел теннисінің фестивалі – «Алау» мұзайдыны сарайының жаппай қолжетімділік бағдарламасының жазғы жобасы.
Турнир 2014 жылдан бастап өткізіліп жатыр, және осы уақыт ішінде Қазақстанда мен одан тыс тұратын мыңдаған қатысушылардың жүрегін жаулап үлгерді.
Біріншіліктің мақсаты – Республикада үстел теннисін көпшілікке тарату және дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, дене шыдамдылығын қалыптастырып, адамгершілік тәрбиесін арттыру.
2018 жылдың 15 шілде күні сағат 10:00-де «Алау» мұзайдыны сарайында үстел теннисінің дәстүрлі фестивалінің ашылу салтанаты өтеді. Көрермендерге кіру тегін.