Нұр-Сұлтанда Сарыарқа ауданы Көктал-2 тұрғын алабында (Баршын-Қайнар көшелерінің қиылысында) салынған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне балаларды қабылдау басталды.
Спорт нысанында балалар мен жасөспірімдер спортпен тегін негізде айналыса алады.
№ 7 балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне спорттың 8 түрінен балаларды қабылдайды:
Самбо- 11-14 жас
Грэплинг- 14-15 жас
Каратэ-до- 7-9 жас
Кикбоксинг- 10-13 жас
Пауэрлифтинг- 15-18 жас
Муай-тай- 8-9 жас
Қазақ күресі- 10-12 жас
Каратэ Киокушинкай-кан -8-9 жас.
Жауапты нұсқаушы: Бақытбек Досымжан, тел: 8-775-890-67-25
№ 5 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі балаларды спорттың 3 түрінен қабылдайды:
Гандбол-7-11 жас,
Волейбол - 9-12 жас
Баскетбол-9-12 жас.
Жауапты нұсқаушы: Абдрахманов Берік, тел: 8-701-830-85-85
Оқытудың бірінші жылының бастапқы даярлық топтарын қалыптастыру осы жылдың 1 желтоқсанына дейін жүргізіледі.
Спорт мектебіне мынадай құжаттарды тапсырған жалпы білім беретін мектептердің және басқа да оқу орындарының оқушылары қабылданады:
1. Ата-аналар қол қойған өтініш;
2. 037 формасындағы баланың медициналық картасы;
3. Туу туралы куәлік; (көшірмесі).
Айта кетейік, жақында ғана пайдалануға берілген спорт кешенінің ауданы 2634 шаршы метрді құрайды, нысан заманауи жабдықтармен жабдықталған және ойын залынан, бірлік залынан, сондай-ақ жаттығу залдарынан тұрады. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені №5 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балансына берілді.
View the embedded image gallery online at:
https://elordasport.kz/kz/infotsentr/novosti/11-11-2021.html#sigProIdd26a244ec4
https://elordasport.kz/kz/infotsentr/novosti/11-11-2021.html#sigProIdd26a244ec4