12 мамыр күні Астана қаласында, Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ қызметкерлері және басқармаға бағынысты барлық еңбек ұжымдарының қызметкерлері ҚР Тұңғыш Президентінің жазғы спорт түрлері бойынша18-23, 24-31, 32-39, 40-49, 50-59, 60-69 және 70 жас жоғары аралығында қызметкерлер тұрған орнынан ұзындыққа секіру, бел темірге тартылу арқада жатып кеудесін көтеру немесе тіреп жатып қолдарды иілту және жазу сонымен бірге граната лақтыру бойынша тест тапсырды.
Аталмыш жарыстың мақсаты мен міндеті Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыружәне Қазақстанның аймақтары мен спорт клубтарында Президенттік тестілеуді дамыту және дәріптеу болып табылады. Жарыс мықтыны анықтау мен салауатты өмір салтын насихаттау және халық арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.
Айта кетейік, Президенттік сынақ 12 тамызға дейін жалғасады. Спорттық шараның нәтижесі кешенді тестілеу бағдарламасы аяқталғаннан кейін жарияланады. Президенттік сынақты тапсырған адамға арнайы төсбелгі табыс етілмек.
Шараны ұйымдастырушылар: «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.
Астанамыздың спорттық өмірі жайлы біздің сайттан оқи аласыздар http://elordasport.kz/
#Астанаспортивная#Астана#АсетИсекешев #Казахстан#astana#президентскийтест
отдел спорт от дирекции
{gallery}news/2018/05/12{/gallery}