Бүгін Астана қаласындағы «Назарбаев» орталығында Астана қаласынының жалпы білім беретін мектеп оқушылар арасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін Президенттік дайындық деңгейінің нормативтерін орындаған тұлғаларды айырым белгісі бар төсбелгілерімен және куәліктерімен марапаттау шарасы өтті.
Іс - шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін атап өту мақсатында ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға арнайы төс белгіні Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Маржықпаев Берік Боромбайұлы, Қазақстан Республикасының Президенттік сынақ және Президенттік көпсайыс Федерациялар Одағының Президенті Надирбек Саят Бигумарұлы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Айтжанов Сұлтан Мұратұлы және 2013 жылғы Азия және Әлем Чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері – Ақшалов Мерей Төлегенұлы марапаттады.
Жалпы бұл тестілеуге білім беруші мектеп оқушылары арасында Президенттік тест нормативтерін орындау бойынша 33616 оқушы қатысқан болатын. Соның ішінде Астана қаласының Президенттік тест деңгейінде ең үздік нәтиже көрсеткен 7 оқушыны бүгін арнайы төсбелгілерімен марапаттады.
Шараның мақсаты: келер буынға патриоттық тәрбие беріп, отан сүйгіштікке баулу. Өзгелерді де бұқаралық спорт түрімен айналысуға, дәріптеуге шақыру.
Іс – шараны «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ және Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық – бұқаралық іс – шараларды өткізу дирекциясы» КММ және де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қолдауымен ұйымдастырды.
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/2018-11-29-12-56-38.html#sigProId33d9a3a05f