Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен осымен екінші рет өткен онлайн жарысқа 200 ден аса елорда тұрғыны қатысты.
Қыркүйек айының 15-25 аралығында жарыс қатысушылары өздері қалаған саябақта бақтарын сынап, “Strava” қосымшасы арқылы нәтижелерімен бөлісті.
Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздар мен жүлдегерлер бүгін арнайы диплом , медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырушылар карантин талаптарын сақтау үшін қатысушылардың әрқайсысына жекелей уақыт белгілеп, марапаттау рәсімін ашық аспан астында өткізді.
Марапаттау рәсіміне Олимпиада чемпионы Светлана Подобедова және әлемнің төрт дүркін рекордшысы Сергей Цирюльников қатысты.
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/2020-09-30-06-57-23.html#sigProId72632e3b17