+7 (7172) 26-63-47

Құрметті елорда тұрғындары мен қала қонақтары!



Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Астана қаласы Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері Федерациясының ұйымдастыруымен Астана күніне орай бәйге түрлерінен «Елорда Кубогы» республикалық турнир өтеді.

Еңселі елорда төсін дүбірге толтыруға еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан таңдаулы жүйріктер Астана маңындағы «Астана-Талапкер» тас жолындағы атшабарында бақ сынайды.

Сәйгүліктер 7 шақырымдық «құнан» және «жорға» бәйге түрлерінен, 15 шақырымдық «топ» бәйге және 22 шақырымдық «аламан» бәйге бойынша сынға түседі.

Көпшілік көз тіккен жүйріктер сайысының жалпы жүлде қоры – 30 млн теңге.

Жарыс 08 шілде күні сағат 10:00-де басталады.

Ұлы даланы ат дүбірімен шулататын бәйгеде барлығыңызды жанкүйер болуға шақырамыз!

Кіру тегін! Келіңіздер! Көріңіздер!