+7 (7172) 26-63-47

4 шілде күні Астана күніне орай елордада экстремалды спорт түрлерін, көше мәдениетін және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған ауқымды ASTANA DAY MASS SPORTS: URBAN FEST фестивалі өтеді. Фестиваль аясында Астана қаласы Gorilla Instinct Tour ұлттық турының алғашқы кезеңін қабылдайды.
 
Gorilla Instinct Tour – Қазақстанның түкпір-түкпірінен үздік райдерлерді біріктіретін экстремалды спорт түрлері бойынша ұлттық тур. Бағдарлама аясында скейтбординг, BMX және самокат спорты бойынша жарыстар, сондай-ақ көрермендерге арналған әсерлі Gorilla Style Wars Jams көрсетілімдері ұйымдастырылады.
 
Фестиваль барысында қонақтарды тартысты спорттық бәсекелер, кәсіби спортшылардың көрсетілімдері, шеберлік сабақтары, интерактивті ойын-сауық алаңдары және мазмұнды мәдени-ойын-сауық бағдарламасы күтеді. Еліміздің әр өңірінен келген қатысушылар жеңіс үшін ғана емес, ұлттық турдың алғашқы рейтингтік ұпайлары үшін де бақ сынайды.
 
Өтетін орны: «SANA SPORT» спорт кешенінің жанындағы скейт-алаңы.
Басталу уақыты: 10:00.
Қатысушыларды онлайн тіркеу: gorillatour.kz.
 
Фестиваль Астана күніне арналған мерекелік бағдарламаның жарқын оқиғаларының біріне айналып, экстремалды спорт өкілдерін, жанкүйерлерді және белсенді өмір салтын ұстанатын барша тұрғындарды бір алаңға тоғыстырады.
 
Кіру тегін.