5 шілде күні Астана күніне орай, «Астана-есірткісіз қала» акциясы аясында елордада SARYARQA RUN бұқаралық жүгірісі ұйымдастырылады.
Іс-шараның мақсаты – тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, азаматтардың дене белсенділігін арттыру, сондай-ақ қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Бұқаралық жүгіру Ырыскелді қажы мешітінің аумағында (Ермек Серкебаев көшесі, 2) өтеді. Жарыстың басталуы – сағат 08:00-де.
Қашықтық;
• 7,6 шақырым.
• 4 шақырым
Әрбір қала тұрғыны мен қонағы өзіне ыңғайлы қарқында жүгіріп, бұқаралық жүгіруге қатыса алады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жүгіру бағыты Ырыскелді қажы мешітінің аумағынан басталып, Кенесары хан ескерткішіне дейін жалғасады. Сол жерде қатысушылар кері бұрылып, бастапқы бағытпен қайтадан мешіт аумағына оралып, мәре сызығын кесіп өтеді.
Айта кетейік, жарыс кезінде көлік қозғалысы тоқтатылмайды.
Қатысу – тегін.
Жарысқа қатысу үшін алдын ала онлайн тіркелу міндетті. Онлайн тіркелу 2026 жылғы 2 шілде күні сағат 09:00-де reg.elordasport.kz сайтында басталады.
Назар аударыңыздар! Қатысушылар саны шектеулі болғандықтан, тіркелу белгіленген 1800 қатысушы лимитіне жеткен сәтте автоматты түрде жабылады. Қатысуға ниетті тұрғындар мен қала қонақтарын алдын ала тіркелуден өтуге шақырамыз.
Тіркелген қатысушылар үшін, білезіктерді тарату іс-шара өтетін күні: сағат 06:00-ден 07:30-ға дейін өтеді.
Астана күніне арналған «SARYARQA RUN» бұқаралық жүгірісіне қатысып, мерекелік көңіл күй мен спорттық атмосфераны бірге бөлісейік!
