+7 (7172) 26-63-47

Бүгін елорда маңындағы Софиевка ауылында Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы дәстүрлі құсбегілер турнирі басталды. Осы турнирдің ашылу салтанатына келген Құсбегілер федерациясының жақында сайланған президенті Берік Уәлиге жарысқа қатысушы саятшылар Жетісудың қыранын сыйлады.
 
Федерация басшысы мұндай тосынсыйды күтпегенін айтады.
 
💬 "Пейілдеріңізге рахмет! Мұндай сыйды күткен жоқпын сіздерден! Ата-бабамыз үйіне келген мейманына да ат мінгізіп, шапан жапса да, босағасындағы қыранды тек көңілі түсіп, көкірегі сенген жанға ғана сыйлаған. Бұл сыйлықтарыңыз маған үлкен жауапкершілік жүктеді. Сенімдеріңізді ақтауға тырысамын", – деді Берік Уәли.