МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУДАН АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ Елордамыздағы «Алау» мұз сарайында өткен мәнерлеп сырғанау чемпионаты жанкүйерлер мен жас спортшыларды бір алаңға жинаған айтулы шара болды.
Чемпионат жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Барлығы 7 категория бойынша 70 қатысушы тіркеліп, әр спортшы мұз үстінде өз шеберлігі мен талантын паш етті. Жасөспірімдер мен тәжірибелі спортшылар көрермендердің ыстық қолдауына ие болып, күрделі техникалық элементтер мен әсем бағдарламаларды орындады. Чемпионат барысында қазылар алқасы қатысушылардың өнерін әділ бағалап, үздіктерді анықтады. Бұл жарыс жас спортшылар үшін үлкен тәжірибе болса, көрермендер үшін — ұмытылмас эмоциялар мен керемет сәттер сыйлаған шараға айналды. Мәнерлеп сырғанау — спорт та, өнер де. Бүгінгі мұз айдыны талант, энергия және әсемдікпен ерекше есте қалды. Барлық қатысушыларға естелік медальдар, дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды. Барша жанкүйерлер мен қатысушыларға алғыс айтамыз!
https://elordasport.kz/kz/infotsentr/novosti/m-nerlep-syr-anaudan-astana-alasyny-chempionaty-tti.html#sigProId2352332bf9
