Бүгінде, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасымен ауданымыздың тұрғындары үшін конькимен сырғанауды үйретуге негізделген тегін сабақтар әр апта сайын сенбі және жексенбі күндері өткізілуде.
Ал, осы жексенбі, яғни ертең 14 ақпан күні «Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ және «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Менің аулам спортты сүйеді» атты «Байқоңыр» ауданының аула клубтары арасында «Қысқы көңілді старт» эстафетасының өткізілетінін хабарлаймыз.
‼️? Айта кетейік, «Қысқы көңілді старт» эстафетасы осы жексенбі, сағат 12:00-де, «Жастар Сарайының» алдында өткізіледі.
? Іс-шара тегін, санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, нұсқаушының бақылауымен жүргізіледі.
?Сонымен қатар, ұйымдастырушылар тарапынан құрал-жабдықтар қатысушыларға тегін беріледі.
?Эстафеталық ойындардан тұратын жарыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастырып, аула балаларына достықты насихаттау.
Сондай-ақ, сайысқа қатысуға өтініштер + 7 747 054 59 00 нөмірі арқылы да қабылданады.