Астанада төрінде 4 ақпан күні «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен бастау алынған ауыл балалары мен жасөспірімдері арасындағы шайбалы хоккейден «SAMRUK BALA CUP» атты ауқымды республикалық турнирінің жеңімпаздары анықталды.
Республикалық хоккей турниріне Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарынан 300-ден астам ауыл балалары қатысты.
Турнирдің марапаттау рәсіміне «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Азамат Агзамов қатысып, жүлделі 1, 2 және 3 орын жеңімпаздарын марапаттады.
«Елімізде алғаш рет ауыл балалары мен жасөспірімдері арасында «SAMRUK BALA CUP» атты ауқымды республикалық хоккей турнирі ұйымдастырылып отыр. Бұл Қазақстанда жасөспірімдер мен жастар спортын дамытуға бағытталған тамаша қадам. Жас спортшылардың әлеуеті мен олардың жеңіске деген құлшынысы бізде чемпиондардың керемет буыны өсіп келе жатқанын көрсетеді. Бұқаралық спортты дамытудағы жобаларды жалғастыратын боламыз», – деп атап өтті Ғибрат Ауғанов.
Нәтижесінде 1 орынды Ақмола облысы Целиноград ауданынан келген «Родина» командасы, 2 орынды Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының «Алтай БЖСМ» командасы, ал 3 орынды Павлодар облысы Тереңкөл ауданының «Юность» командасының спортшылары иеленді.
Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ атынан қатысқан әр командаға хоккей жабдықтарын алуға 250 000 теңгеге сертификаттар табысталды.
Турнир «Самұрық-Қазынаның» қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылай қолдауымен «Altyn shaibaly» жобасы аясында екінші рет өткізіліп отыр.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылардың айтуынша сәуір айында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ауыл балаларының командалары арасында тағы бір турнир өтуі жоспарланған. Айтулы жоба балалар мен жасөспірімдер арасында хоккейді дамытуға бағытталғаның тілге тиек етті.