+7 (7172) 26-63-47

Бүгін Президенттік саябақта, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен, «Online-велошеру» жарысының жеңімпаздары марапатталды.
 
Аталмыш жарыс 11 мен 20 қыркүйек аралығында таңғы сағат 06:00-ден кешкі 20:00-ге дейін, жеке жағдайда ашық ауада тек қалалық мәдениет және демалыс саябақтарында және бөлінген веложолдарда санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, «STRAVA» мобильдік қосымшасы арқылы өткен болатын.
 
Еске салсақ, «Online-велошеру» ерлер мен әйелдер арасында 5 км, 10 км және 15 км қашықтықтарында бес жас тобында өтті.
 
 
«Online-велошеру» жеңімпаздары дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
 
Іс-шара санитарлық нормалармен мен қауіпсіздік техникасын сақталуымен өтті.

Онлайн кім

Қазір 49 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр