Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырубағдарламасы бойынша, дене шынықтыру мен спортты одан әрі жаппай дамыту, Президенттік сынақтарды, халықтың дене шынықтыру даярлығын және салауатты өмір салтын насихаттау барысында 2018 жыл 28 сәуір күні Қ.М. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда 2018 жылға арналған «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ қызметкерлері және басқармаға бағынысты барлық еңбек қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің – Елбасының сынақтары өтетін болады.
Президенттік деңгей 18-70 жас аралығында болады. Сынақ түрлері жүгіру, тұрған орнынан ұзындыққа секіру, бел темірге тартылу, арқада жатып кеудесін көтеру немесе тіреп жатып қолдарды иілту және жазу, ер адамдарға 700 граммдық граната лақтыру, әйел адамдарға 500 граммдық граната лақтыру, сонымен қатар кіші оқпанды (пневматикалық) винтовкадан 5 рет атып, жүзуден сайыстар күтілуде.
Қатысушылар 60 м, 100 м, 500 м, 1000 м, 2000 м, 3000 м қашықтықта жүгіретін болады.
Басталуы: 28 сәуір сағат 10:00 де.
Шараны ұйымдастырушылар:
«Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ,
Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ