+7 (7172) 26-63-47

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Астана қаласының әкімдігі сіздерді 31 тамызда өтетін ҚР Конституциясы күніне арналған «SARYARQA RUN» бұқаралық марафонына шақырады.

Старт - қала әкімдігінің алдындағы қалалық алаңда өтеді (Бейбітшілік көшесі, 11).

Жарыстың жалпы қашықтығы-5 км.

Жарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу 24-30 тамыз аралығында (15:00-ге дейін) профильдегі сілтеме бойынша жалғасады. Тіркелу тегін.

Нөмірлерді беру жарыс күні сағат 07:00-де өтеді.

Жарыстың басталуы - сағ. 08: 00-де.
Қатысушылардың лимиті-500 адам.

Жас шектеуі - 16 жастан

Марафон аяқталғаннан кейін жеңімпаздар санаттар бойынша:
16 жастан 49 жасқа дейінгі ер адамдар
16 жастан 49 жасқа дейінгі әйелдер
50 жастан жоғары ер адамдар
50 жастан жоғары әйелдер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Сонымен қатар, марафонның барлық қатысушыларына естелік медальдар беріледі.

Марафонға тіркелу үшін сілтеме - https://forms.gle/LwcDwNbSt5g8z1qj9

Біздің марафонның серіктестері - «Arzu»компаниясы, «Winox» фитнес орталығы

Қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарын бізбен бірге бұқаралық марафонға қатысуға шақырамыз!