Бүгін елордадағы «Паралимпиадалық жаттығу орталығында» мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Көңілді старт» жарысы өтті. Аталмыш жарысқа Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының диретор орынбасары Ердаулет Қарсыбайұлы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ басшысының орынбасары Дастан Жұмабайұлы және «Додо» пиццериясының маркетолгы Ақжан Қабденұлы қатысып, барша бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
«Бұл жарыс мүмкіндігі шектеулі балалар үшін бой сергітетін жаттығу және өз күштерін сынауға жақсы мүмкіндік. Сайыс мақсаты балаларға спортпен айналысу пайдалы әрі қызықты екенін дәлелдеу сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарды спортқа тарту»,- деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ басшысының орынбасары Дастан Жұмабайұлы.
Көңілді старт» эстафетасында командалар екі топқа бөлініп, қатысушылар сайыстың 6 кезенің бағындырды. Сондай-ақ эстафета ойындарына балалрдың ата-аналары да қатысты.
«Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, мүмкіндігі шектеулі 560 балаға үй жағдайында әлеуметтік көмек көрсетеді. Сондықтан да балалар үшін осындай іс шаралардың маңызы зор. Бүгінгі «Көңілді старт» ойындарына барлығы 30 шақты бала қатысты»,-дейді «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының диретор орынбасары Ердаулет Қарсыбайұлы.
Жарыс екі топ арасында өтсе де, достық жеңіп, қос топтың қатысушыларына ұйымдастырушы тарапынан бірдей сыйлықтармен дипломдар және «Додо» пиццериясы ұсынған арнайы сертификат қағаздары табысталды.
Айтулы шара, Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұйытқы болуымен өткізілді.
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/sredi-detej-proshli-sorevnovaniya-veselye-starty.html#sigProId62e71f9888