Өткізілу уақыты: 2019 жылдың 05 қазан күні, басталуы сағат. 08:30-тіркеу, ашылу салтанаты- 09:30- да.
Өткізілу орны: Нұр-сұлтан қаласы, «Астана Триатлон» саябағы
5 қазан күні «Астана Триатлон» саябағында, «Астана-адалдық алаңы жобасының ұйымдастырумен Республикалық «Адал жүрек» акциясы аясында қайырымдылық жүгіру өтеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, сондай-ақ тұрмысы төмен, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан жасөспірімдерге қоғам болып қаржылай қолдау көрсету.
Қайырымдылық жүгіріске Нұр – Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Мәкен Бақтияр Мәкенұлы, ҚР Мәдениет және Спорт Министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы Сапиев Серік Жұмангалиұлы және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Кыдырбаев Нұрлан қатысады.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті.