+7 (7172) 26-63-47

Құрметт достар! Ертең «QAZAQSTAN» жеңіл атлетика кешенінде «Nur-Sultan Open 2021» ашық Чемпионаты өтеді. Жарыс екі күн бойы, яғни 12-13 ақпан аралығында кіші және үлкен жасөспірімдер арасында өтпек.

Елорда өз төрінде әр өңірлерден келген 100-ден астам спортшы ұл-қыздарды қабылдамақ.

Подробнее...  

Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастырумен қала тұрғындары арасында әр сенбі-жексенбі күндері конькимен және шаңғымен сырғанауды үйрететін тегін сабақтар өтуде. Қаңтар айының 23 күні бастау алған шараға бүгінде 1000 аса қала тұрғыны қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Подробнее...  

Бүгін біздің мекеме қызметкерлері, ҚР ДСМ 16.11.2020 ж. «Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын бекіту туралы»  # ДСМ-195/2020 бұйрығына сәйкес Персоналды гигиеналық оқыту бойынша профилактикалық және оқу іс-шараларын білуге арналған тесттен өтті.

Подробнее...  

Сіздерді 2021 жылдың 14 ақпанында Елордалық Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтетін «Esil winter» шаңғы фестиваліне қатысуға шақырамыз.

Фестивальдің басталуы таңғы 10.00-де.
Қатысушылардың алғашқы жарысы сағат 10.15-ке жоспарланған.

Подробнее...  

8 ақпанда сағат 12:00-де «жеке қысқы триатлон жарысының» тіркелеуі басталады.
?Тіркелеу осы сайта өттеді: triathlonnursultan.kz. Жарыстан жиналған барлық қаражат «Саламатты болашақ» атты қайымдырылық қорына көмекке жіберіледі. Ең төменгі жарна 3000 теңгеден басталады.

Осы демалыс күні 7 ақпанда «Железнодорожный » тұрғын алабында «Алматы» ауданының балалары арасында көңілді старт конькимен жүгіру жарысы өтті.

Көңілді старт бағдарламасында: допты хоккей эстафетасы, кім жүйрік, Капитандар сайысы, Ватрушкалар және допты эстафета  жарыстары болды.

Подробнее...  

«Кирпичный» тұрғын алабында «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің және «Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ ұйымдастыруымен балалар арасында көңілді старт жарысы өтті.

Көңілді старт бағдарламасында: допты хоккей эстафетасы, кім жүйрік, Капитандар сайысы, Ватрушкалар және допты эстафета жарыстары ұйымдастырылды.

Подробнее...  

Бүгін елордада, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасымен қаламыздың тұрғындары арасында, конькимен сырғанау және шаңғымен жүруді үйрету тегін сабақтары өтті. Аталмыш, кезекті іс-шара елорданың 4 ауданында яғни, «Сарыарқа», «Есіл», «Алматы»  және «Байқоңыр» аудандарында өтіп жатыр. 

Бүгінгі, іс-шара аясында,  Сарыарқа ауданына қарасты Қалалық әкімдік алаңы алдында, тегін сабаққа қатысқан бүлдіршіндермен бірге "Қысқы көңілді старт" жарысы өтті. Жарыста бүлдіршіндер екі топқа бөлініп,  өзара жарысып,  ұйымдастырушы тарапынан ұсынылған сыйлықтармен марапатталды.

Подробнее...  

Құрметті елорда тұрғындары! 

Бүгін елордада конькимен сырғанау және шаңғымен жүруді үйрету бойынша тегін сабақтар басталды!  Сағат 11:00-ден 12:30-ға дейін қаланың төрт мұз айдынында және сағат 15:00-ден 16: 30-ға дейін тағы бес мұз айдынында бір уақытта оқу өтті.  Бұл сабақтар санитарлық нормаларды сақтай отырып, демалыс күндері өткізіледі!

Подробнее...  

Сіздерді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі конькимен сырғанау және шаңғымен жүруді үйрету тегін сабақтарына шақырады.

Подробнее...  

Сіздерді, аудан тұрғындары арасында өтетін «СПОРТ – МЕНІҢ  ОТБАСЫМДА» атты онлайн сайысқа қатысуға шақырамыз.

Подробнее...  

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының әріптестері, бір ауыздан өз сайлау учаскесілеріне барып, Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауында, қасиетті жерімізбен, Еліміздің болашағы үшін өз таңдауларын жасады.

Мемлекетіміздің жарқын болашағына кәміл сенеміз!

Жаңа 2021 жылмен ең ізгі құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Келер жыл Сіздерге қуаныш, жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын!
Сиыр жылы ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын
жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілейміз!
Сәтсіздіктер өткеннің еншісінде қалып,
Өкпе-реніштер ұмытылып, достық пен сүйіспеншілік дәуіріне жол ашылғай.
Барлық бастамалардың бағы жанып, сүйікті ісіңіз қанағат әкелсін, жаңа білімдерге, жаңаша тәжірибеге, биік кәсіптік белестер мен асқар асуларға жетелесін!
Алдағы жыл әр адамның жұлдызы жоғарылап, абыройы артуына мол мүмкіндіктер туғызып, өмірімізді мәнді оқиғаларға, татулық пен жасампаздыққа толтырғай!
Баршамыздың тасымыз өрге домалап, отбасылық бақытқа кенелейк, жан жылылығына бөленейік!
Жаңа 2021 жыл құтты болсын! Мейірім сәулесі мен шапағат шуағы молынан болғай!

Ізгі ниетпен: Сіздердің @elordasport

 

Жаңа жыл қарсаныңда Нұр-Сұлтан  қаласы әкімдігінің «30 игі іс» шарасы аясында  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының жауапты қызметкерлері, елордада тұратын көп балалы толық емес Бидайбекова Жанар Сейткасимқызының отбасына жаңа жылдық азық түлік қорабын табыстады.

Подробнее...  

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары арасында өткен онлайн шаңғы жарысының марапаттау рәсімі өтті. ONLINE жарыс Астаналық саябақта, санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, ашық ауада жеке жағдайларда өткен болатын. Жарысқа, жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсына отырып, 50-ден астам оқушылар қатысты. Жарыстың шарттары бойынша, қатысушылар міндетті түрде алдын ала тіркеуден өтіп, 2 км және 1 км қашықтықта шаңғымен сырғанап өтті.

Подробнее...