+7 (7172) 26-63-47

«Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы»мемлекеттік мекемесіне бағынысты мекемелерінің қатысуымен Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен “Барыс” спорт кешенінде қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазымен кездесу болып өтті.

Подробнее...  

Бүгін жаттығулар жоспарланған барлық жерлерде өтті.

Жаттығуға келіп, уақытты денсаулыққа пайдалы өткізетіндердің барлығына алғыс айтамыз!✊✊✊

Подробнее...  

Сенбі күні Президенттік саябақта, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен, «Online-жүгіру» жарысының жеңімпаздары марапатталды.
 
Аталмыш жарыс 11 мен 20 қыркүйек аралығында Триатлон саябағында және Ботаникалық бағында, «STRAVA» мобильдік қосымшасы арқылы өткен болатын.

Подробнее...  

Бүгін Дүниежүзілік азық-түлік күніне орай ФАО-ның Қазақстандағы Кеңсесі таңғы жүгіру өткізді.
 
Жарыс қатысушылары 3 және 5 шақырым қашықтықты бағындырды.

Подробнее...  

Бүгін Президенттік саябақта, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен, «Online-велошеру» жарысының жеңімпаздары марапатталды.
 
Аталмыш жарыс 11 мен 20 қыркүйек аралығында таңғы сағат 06:00-ден кешкі 20:00-ге дейін, жеке жағдайда ашық ауада тек қалалық мәдениет және демалыс саябақтарында және бөлінген веложолдарда санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, «STRAVA» мобильдік қосымшасы арқылы өткен болатын.

Подробнее...  

Жоба қала тұрғындарын спорттың 11 түріне үйретеді, онда 8 жерде 84 нұсқаушы сабақ өткізеді.
 
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен, сол сияқты қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен барлық сабақ тегін өтеді. Жоба 2021 жылдың желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.
 
Сабақтар 6 саябақ пен 2 скверде мынадай спорт түрлері бойынша өткізіледі: жүгіру, каратэ, скандинавиялық жүріс, асық ату, стритбол, бадминтон, фитнес, зумба. Сабақтар апта сайын сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.

Подробнее...  

Данияр Алимусинов
✅ Чемпион Европы
✅ Серебренный Призёр Азий ✅ Серебренный призёр Европы
✅ Неоднократный чемпион Казахстана
✅ Чемпион и призёр множественных международных турниров
✅ Чёрный пояс 1 дан
Назарларыңызға 12 қазанғы жаттығулардың бейне шолуын ұсынамыз!
 
Бейсенбіде кездескенше!

Подробнее...  

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Мұғалімдер күнін мерекелеу аясында «Алматы» ауданының мұғалімдері арасында Волейболдан турнир өтті.
 
Аталмыш турнирге 21 команда қатысты.
 
Сонымен қатар, марапаттау рәсіміне «Алматы» ауданының әкімі Ерлан Бекмурзаев, «Nur Otan» партиясының Алматы аудандық филиалының өкілі және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің "Спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы" КММ басшының орынбасары Ержігіт Өсербай қатысып жеңімпаз командаларды марапаттап, жылы лебіздерін білдірді.

Подробнее...  

Бүгін елорданың орталық саябағында "Қолжетімді спорт" жобасының ресми ашылуы өтті.
 
"Қолжетімді спорт" бұл Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын спорттың 11 түріне оқытатын жоба.
 
Спорттың 11 түрі бойынша 84 нұсқаушы қала бойынша 8 локацияда сабақ өткізетін болады.

Подробнее...  

60 жастан асқан зейнеткер ерлер мен әйелдер арасында үстел теннисінен жолдастық кездесу өткізілді. Аталмыш жарыс Нұр-Сұлтан қаласында «Есіл» ауданынының ардагерлер арасында қалалық «Ардагерлер» орталығында өтті.
 
Спортты жанына серік еткен ардагерлер теннистен тартысты ойын көрсетті. Сайысқа қатысушылар өз қарсыластарын жер соқтырып, жеңуге тырысты. Әрбір ойыншыға 5 минут берілді. Осы уақыт ішінде қарсыластан басым болған ойыншы жеңіске жетіп, Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты ММ және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ бекіткен сыйлықтармен, дипломдармен және естелік медальдармен марапатталды.

Подробнее...  

 Бүгін елордадағы «Паралимпиадалық жаттығу орталығында»  мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Көңілді старт»  жарысы өтті. Аталмыш жарысқа Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шарапат»  әлеуметтік қызмет көрсету орталығының  диретор орынбасары Ердаулет Қарсыбайұлы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ басшысының орынбасары Дастан Жұмабайұлы және «Додо» пиццериясының маркетолгы Ақжан Қабденұлы қатысып, барша бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

Подробнее...  

Бүгін елордада әуесқойлар арасында «Nur-SULTAN DUATHLON 2021» жарысы өтті. Аталмыш іс-шараға ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов және Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің орынбасары Оралов Асхат Раздықұлы,
қатысты. Ералы Лұқпанұлы спорт мерекесімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Подробнее...  

?Бүгін елордадағы #24 орта мектепте ҚР Тәуелсіздігінің30 жылдығы мен Мұғалімдер күнін мерекелеу аясында «Есіл» ауданының мұғалімдері арасында Волейболдан турнир өтті.
 
?Аталмыш турнирге 14 команда қатысты.

Подробнее...  

Қазақстанның Тұңғыш Президенті елордада туристік, мәдени және әлеуметтік жаңа нысандар салу жоспарымен танысты.

Подробнее...