+7 (7172) 26-63-47

Repost @altay_kulginov_official 
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұқаралық спортпен айналысу үшін жағдай жасауға, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін, спорт федерацияларын және т.б. қолдауға ерекше көңіл бөлеміз. 
 
Елбасының тапсырмасымен салынған «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешені ашылған сәттен бастап біздің спортшыларға ғана емес, балалар үшін де тартымды орталыққа айналды. Спорт кешенінің есігі баршаға ашық! 
 
✅Екі күн бойы спорт кешенінде  ұлдар мен қыздар арасында (2004-2005ж.) жеңіл атлетикадан ашық халықаралық турнир өтті. Біздің балалардан бөлек Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан спортшылары да қатысты. Сондай-ақ, елордаға Алматы, ШҚО, СҚО, Ақмола облысы мен Қарағандыдан балалар келді.
 
Қатысушылар биіктікке/ұзындыққа секіру, жүгіру, үш рет секіру, ядро итеру сияқты спорт түрлерінен бақ сынады. Барлығы 155 спортшы өз күшін сынап көрді. 
 
✅Турнирдің басты мақсаты – жеңіл атлетиканы дәріптеу, спорт резервін дайындау, түрлі халықаралық жарыстарға қатысу үшін пул қалыптастыру. Турнир ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.
 
✅Қатысушыларды жеңіспен құттықтаймын! Ең бастысы мәреге бірінші болып келу емес, күн сайын еңбектену, жұмыс істеу, мақсат қойып, оған жете білу!