Міне бүгін боксшыларымыз Елімізге оралды.
Өкінішке орай спорт болған соң жеңіс те, жеңіліс те қатар жүреді. Бірі атақты Василий Левит болса, екіншісі жас спортшы Абылайхан Жүсіпов. 29 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында екі спортшымызды жанкүйерлерімен қарсы алдық. Айта кетейік, ұзақ карантиннен кейін Олимпиадада өнер көрсету де оңайға соққан жоқ. Алайда Василий біз үшін мықты спортшы болып қала бермек, ал Абылайханның болашағы алда және жеңісті сәттері әлі де болатынына сенімдіміз.
Естеріңізге сала кетейік
Василий Левит пен Абылайхан Жүсіповтің бүгінгі күнге дейінгі жетістіктері жетерлік.
Василий 2016 жылы РИО Олимпиадасының күміс жүлдегері, Әлем Чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері сонымен қатар үш дүркін Азия чемпионы және екі дүркін Азия жүлдегері.
Абылайхан Жүсіповке келетін болсақ, Қазақстанның екі дүркін чемпионы (2016, 2018), Азия-2017 вице-чемпионы және 2017 мен 2019 әлем чемпионаттарының екі дүркін қола жүлдегері. Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылғы Президент кубогының чемпионы.
Алда тек спортшыларымызға сәттілік тілейміз, біз әр спортшымыздың еңбегін бағалаймыз! Жеңісті де, жемісті күндеріңіз көп болғай!
Дәл қазір олимпиадаға қатысып жатқан спортшыларымызға жеңіс тілейміз! Әлемдік аренада көк байрағымыз желбірей берсін!
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/stolichnye-boksery-vernuvshiesya-iz-tokio.html#sigProIdb1851a994a