Алғыс айту күнін мерекелеу шеңберінде Алматы ауданы әкімінің аппаратымен Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ бірлесіп «Астана балалар ауылы» тәрбиеленушілері арасында «Көңілді старт» спорттық эстафетасы мен әр түрлі ойындар өткізді.
29 ақпан күні Астана қаласындағы Астана Туран Университетінің спорт кешенінде, «2019 жыл – Жастар Жылы» аясында, елордамыздың жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өткен жыл сайынғы Универсиада аясында Аасық ату мен Бесасықтан жарыс өтті.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II және III орындарға ие болған командаларды Астана қаласының «Мәдениет және спорт басқармасы» және Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының» медальдарымен және дипломдарымен марапатталды. Сонымен қатар жарысқа қатысушылар Бес асық пен Асық ату жарысы бойынша бірнеше номинация бойынша марапатталды.
Астана қаласындағы шаңғы - роллер тас жолында, Кеңес əскерлері шектелген контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 30 жыл толуына арналған Астана қаласының жоғары оқу орындарының əскери кафедралары арасында шаңғы эстафетасынан жекелей - командалық жарысы өтті.
Қатысушыларымыз эстафетаның жеті шақырымды қашықтығын бағындырды (ерлер балалар үшін 2 км, қыз балалар үшін 1 км).
Астана қаласындағы шаңғы-роллер тас жолында, Елордамыздың жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өтетін жыл сайынғы Универсиада аясында шаңғы тебуден жарыс өтті. Аталмыш іс шара Универсиада ережесі бойынша өтті.
Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту; Республикалық және қалааралық жарыстарға қатысу үшін талантты жас спортшыларды қаланың құрама командасына іріктеу; Астана қаласында бұқаралық спортты насихаттау; қала студенттері арасында патриоттық тәрбиені күшейту; салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу; жастарды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға тарту; Қазақстан Республикасы Президентінің «2019 жыл - Жастар жылы» бағдарламасын жүзеге асыру.
Өткізілу уақыты: 2019 жылдың 2 наурыз күні, басталуы сағат. 10:00 – де.
Өткізілу орны: Астана қаласы, «Жасыл аймақ» вело тас жолы
Құрметті БАҚ өкілдері, 2 наурыз күні Астанада "Жасыл аймақ" вело тас жолында Алғыс айту күніне орай "Шаңғы жарысы" өтеді. Аталған іс-шараға елорда тұрғындары қатысады.
25-26 ақпан күндері Астана қаласындағы Қазақ эканомика, қаржы және халықаралық сауда университетінде, елордамыздың жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өтетін жыл сайынғы Универсиада аясында шахмат пен тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Аталмыш іс шара Қазақстанның Тәуелсіздік алған күнінен бастап өткізіліп келеді.
Жарыстың мақсаты:Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту; Республикалық және қалааралық жарыстарға қатысу үшін талантты жас спортшыларды қаланың құрама командасына іріктеу; Астана қаласында бұқаралық спортты насихаттау; қала студенттері арасында патриоттық тәрбиені күшейту; салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу; жастарды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға тарту; Қазақстан Республикасы Президентінің «2019 жыл - Жастар жылы» бағдарламасын жүзеге асыру.
Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесі өз күшіне енеді. Сіз сақтандыру бойынша медициналық көмекті қалай алатынын және МӘМС жүйесіне қатысу үшін не істеу керек екенін білесіз бе? Онда fms.kz сайтына кіріңіз немесе 1414 нөміріне тегін қоңырау шалып, толығырақ біліңіз. Сондай-ақ, МӘМС жүйесі бойынша кеңес алу үшін өзіңіз тіркелген емханаға хабарласа аласыз.
Астанада сенбі, 23 ақпан күні жыл сайынғы «Бұрқасын – 2019» қысқы фестивалі өттті. Шараға демалысын көңілді өткізгісі келетін барлық қала тұрғыны мен қонақтары қатысты. Осы шарамен Астанадағы қысқы маусым жабылды.
«Бұрқасын» фестивалі ақпан айының соңғы демалыс күндерінде Есіл өзенінде ұйымдастырылды. Белсенді өмір сүру салтын және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған шараны Мәдениет және спорт басқармасы мен Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» ұйымдастырды. Дәстүрге айналған бұл қысқы фестивалі биылғы жылы 19-шы рет өткізіліп отыр.
Елордамызда жыл сайынғы мемлекеттік қызметкерлер арасындағы ХІ спартакиада жарысы басталды. Төрт айға созылатын жарысқа Астана қаласының аудан әкімдіктері, департаменттер, басқармалар мен оларға қарасты мекемелердің қызметкерлерінен құралған командалар қатысып жатыр.
Аталмыш жарыс спорттың 12 түрінен өтеді: шаңғы, волейбол, шахмат, шағын футбол, үстел теннисі, қол күресі, эстафета, жазғы президенттік көпсайыс, дойбы, арқан тартыс, асық ату және бильярд.
Астананың 12 жоғарғы оқу орнының 1000-нан астам студенті қалалық Универсиадада өзара бәсекеге түсуде. Қазақстандағы Жастар жылына орайластырылған спорттық дода Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасымен ұйымдастырылып отыр.
Жарыс бүгін, 13 ақпанда, Назарбаев университетінің спорт орталығында спортшылардың салтанатты шеруімен ашылды. Универсиада 5 мамырға дейін жалғасады. Шараға Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов та қатысты.
Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық – бұқаралық іс – шараларды өткізу дирекциясы» КММ, Елбасының кезекті 2018 жылғы 5 қазанда жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы бойынша дөңгелек үстел өткізіліп, бірнеше тақырыптарды талқылады. Елбасының кезекті жолдауын талқылау жиналысында мекеме басшысы және мекеме қызметкерлері қатысты.
20-21 желтоқсанда «Алау» мұз айдыны сарайында жастар арасында конькимен жүгіруден Қазақстан Республикасының Кубогі, ал ересектер арасында аталмыш спорт түрінен ел чемпионаты өтеді.
Жарысқа Қазақстанның барлық аймақтарынан 100-ден аса спортшы қатысады.
Спорттық шараның ашылу рәсімі 20 желтоқсанда сағат 11:00-де басталады.
Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күніне орай «Сарыарқа» ауданында орналасқан «Үміт» дағдарыс орталығы» тәрбиеленуші балалар жəне аналары арасында «Көңілді старт» жарысы өтті.
Қатысушылар дипломдармен, сондай-ақ ұйымдастырушылардың сыйлықтарымен марапатталды.
Ұйымдастырушылар: Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы ауданы әкімінің аппараты ММ, «Астана қаласының Мәдениет жəне спорт басқармасы» ММ, «Үміт дағдарыс орталығы», Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық- бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекция» КММ
Астана және Ақмола облысының барлық жастағы 200-ден аса шаңғы тебушілері жаңа қысқы маусымды ашты. Сенбі күні таңертең Астаналық саябақтағы шаңғы-роллерлік трассада «Алғашқы қар» жарыстары өтті.
Шаңғы жарыстары 1 км қашықтыққа символикалық жүгіруден басталды. Биылғы қыстың алғашқы бәйгесін Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев бастап берді. Жарыс қатысушыларының арасында кәсіпқой спортшылармен бірге, елордадағы спорт мектептерінің тәрбиеленушілері, шаңғы спортымен шұғылданатын әуесқойлар және спортсүйер азаматтар бар. Жарыс жолына шыққан спортшылар қатарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов, Қазақстан Шаңғы жарыстары федерациясының І Вице-президенті Никита Девяткин, Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасышың жетекшісі Болат Мажағұлов және шаңғы спортының ардагерлері көрінді.
«Астана әкімдігі елордада бұқаралық спортты дамытуға күш салып келеді. Көптеген марафондар, веложарыстар, ересектер мен балаларға арналған көңілді жарыстар өткізіледі, ал бүгінгі мереке шаңғышыларға арналып отыр. Мемлекет басшысы халық арасында салауатты өмір салтын насихаттаудың маңыздылығы туралы айтып келеді, және көріп отырғанымыздай, елордада тіпті қыстың өзінде де бұқаралық спорттық шараларға қатысушылар саны көп», - деп атап көрсетті Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының жетекшісі Болат Мажағұлов.
«Алғашқы қар» жарысы шеңберінде 16 медальдар жинағы, дипломдар мен сыйлықтар сарапқа салынды. Ал жеңіс тұғырынан көріне алмаған қатысушылар ырғақты музыканың сүйемелдеуімен көңіл көтеріп, жаттығушымен бірге жаттығу жасап, алып қуыршақтармен бірге көңілді ойындарға қатысып, бір серпіліп қалды.
«Біз еліміздің және елордамыздың спорт саласындағы басшыларға шаңғы жарыстарын дамытуда көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтамыз. Әрине, спорттың бұл түрі жақын уақытта Қазақстанда Скандинав елдеріндегідей кеңінен таралатынын армандаймыз, ал әзірге сол арманға жету жолында тырысып бағудамыз», - деп мәлім етті Қазақстан Шаңғы жарыстары федерациясының І Вице-президенті Никита Девяткин.
Жарыстарға 8 топтағы шаңғышылар қатысты:
- Күш құрылымдары-3 км
- 2008 жылғы және одан кіші жастағы кішілер тобы, қыздар/ұлдар– 500 м
- 1968 жылғы және одан жоғары жастағы ардагерлер, ерлер– 5 км, әйелдер– 3 км
- 2005-2007 жылғы ересек ұлдар және қыздар, қашықтықтар– 2 және 1 км
- 2003-2004 жылғы жігіттер мен бойжеткендер, қашықтықтар– 5 және 3 км
- 2001-2002 жылғы ересек жігіттер мен бойжеткендер, қашықтықтар– 10 және 5 км
- 1999-2000 жылғы юниорлар, қашықтықтар– 10 және 5 км
- 1998 жылғы және одан жоғары жастағы ерлер мен әйелдер, қашықтықтар- 10 және 5 км
Өткен жарыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік медальдармен және дипломдармен, және ұйымдастырушылардың атынан құнды сыйлықтармен марапатталды.
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti.html?start=375#sigProId3780f2434c
Бүгін Астана қаласындағы №71 мектеп- гимназиясының спорттық алаңында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Есіл» ауданы ұйымдарының ерлер командалары арасында волейболдан турнир өтті. Жарысқа 72 қатысушыдан құралған 9 команда қатысты.
Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы шеңберінде бұқаралық спортты дамыту; Cалауатты өмір салтын насихаттау; Ұйымдар арасында қарым-қатынасты нығайту; Волейбол ойынын дамыту және Астана қаласында бұқаралық спортты насихаттау.