Ағымдағы жылдың «Жас Батыр» спорт кешенінде 13-14 қазан күндері Еркін күрестен 2003-2004, 2005-2006 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Астананың 20 жылдығына орайластырылған Астана қаласының ашық біріншілігі өтті. Аталмыш жарысқа 104 ке жуық спортшылар қатысты.
8-13 қазан күні Астана қаласындағы «Даулет» Спорткомбинатында балалар арасында теннистен «Даулет» Спорткомбинаты» МКҚК жүлдесіне арналған балалар турнирі өткізілді. Турнирге 12 жас және одан кіші аралығындағы 64 бала қатысып, оның ішінде алты бала жеңімпаз атанды.
Осы жексенбі күні Астана қаласында мұғалімдер күніне орай «Есіл» ауданының мектеп мұғалімдері арасында волейбол турнирінен жарыс өтті. Аталмыш жарысқа 96 қатысушыдан құралған 12 команда қатысты. Сондай-ақ «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік үйлестіруші» номинациялары бойынша жүлдегерлер дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Қайырымдылық шарасы елордадағы «Столичный» (Астаналық) саябағында «Спорт біріктіреді» деген атаумен өтті. Шамамен 100-ге жуық адам отандық журналисті қолдауға жиналды. Акция барысында ерлер 2,5, әйелдер 1,5 шақырымға жүгіріп өтті. «Хабар» телеарнасында жұмыс істеген Галина Полевая бірнеше жыл қатарынан халықаралық Олимпиада, Азиада және тағы басқа спорттық жарыстарды көгілдір экран арқылы халыққа жеткізді. «Галина Полевая отандық спорт журналистикасында қалыптасқан тұлға. Менің өзім оның телеарнада жүргізген бағдарламасын үзбей қарайтынмын. Ол нағыз өз ісінің кәсіби маманы. Біздің бүгінгі шарамыз одан әрі өңірлер де өз жалғасын табады деген үміттемін. Мен оның бұл қиындықтан сүрінбей өтетініне сенемін», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Жарасбаев. Жүгіру жарысына қатысқандардың ең үлкені 70-те, ең кішісі 5 жаста. Қайырымдылық шарасынан 300 мың теңгеге жуық қаражат жиналды. Жиналған барлық сома Г.Полеваяның отбасына табысталады. Бұдан бөлек журналиске қолдау ретінде ҚР Мәдениет және министрлігі қызметкерлері бір күндік жалақыларын бөледі. Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында халықты Галина Полеваяны қолдауға шақырған болатын. Айта кетейік, танымал журналистің ауыр науқасқа шалдыққаны туралы оның қызы әлеуметтік желі арқылы айтып, жұртшылықтан қол ұшын созуды сұраған болатын. Әлеуметтік желідегі жазбада айтылғандай журналист қатерлі ісікке шалдыққан, оған тиісті ем Кореяда қабылданады және емделу құны 286 мың 350 долларды құрайды.
Бүгін Қарттар күнін мерекелеу аясында «Есіл» ауданында орналасқан шағын орталығының зейнеткерлері арасында шахмат және дойбы түрінен турнир өтті. Аталмыш жарысқа 30 ардагер қатысты.
Астана – 6 қазан сағ 10.00-де «Столичный» саябағында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Астана қаласының әкімдігімен бірлесе ауыр науқаспен күресіп жатқан отандық белгілі журналист Галина Полеваяны қолдау мақсатында жеңіл атлетикалық жүгіру (2,5 км. (ерлер), әйелдер (1,5 км) қайырымдылық шарасын ұйымдастырады. Бүгінгі таңда Галинаға құны аса қымбат тұратын, шетелде жасалуы тиіс ота қажет. Шетелдік емхана аталған отаны 290 мың долларға бағалап отыр. Оның отбасы үшін аталған сома өте үлкен. Барлық тұрғындар мен қала қонақтарын, БАҚ өкілдерін аталған шараға белсене ат салысуларын сұраймыз. Жиналған қаражат оны отбасына табысталады.
29 сентября состоялся соревнования по мини футболу среди дворовых клубов района «Есиль». В спортивном мероприятии приняли участие 50 участников, в составе 8 мужчин и 1 тренер из каждых команд. Количество зрителей составило около 30 человек.
ОрганизаторыГУ Аппарат акима района «Есиль», ГУ «Управление культуры и спорта города Астаны», КГУ «Дирекция по проведению спортивно-массовых мероприятий акимата города Астаны».
Осы жексенбі күні Астана қаласында мұғалімдер күніне орай «Байқоныр» ауданының мектеп мұғалімдері арасында волейбол турнирінен жарыс өтті. Аталмыш жарысқа 12 мектеп мұғалімдерден құралған 120 қатысушы қатысты. Сондай-ақ «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік байланысшы» номинациялары бойынша жүлдегерлер дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Марафон әдеттегідей Астана уақыты бойынша таңғы сағат 7.00-де бастау алды. Аталмыш іс – шараға Астана қаласының жаңа әкімі Бақыт Сұлтанов қатысып, стартты бастап берді.
Биылғы марафонға 4661 қатысушылар өтінім берді оның ішінде 37 Қазақстандықтар және шет елдерден келген марафоншылар жүгірді. Атап айтсақ, Германия, Ресей, Жапония, Италия, Өзбекстан, Швеция, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Қырғызстан, Франция, Түркия, Австралия, Кения, Эфиопия, Грузия, Люксембург, Испания, Белоруссия, Малайзия және Финляндия. Пелетонды Эфиопия мен Кениядан келген марафоншылар бастады.
Сәйкесінше 42.2 шақырымға жүгіруден оларға ешкім жете алмай, Астана марафонында кениялықтар бірінші болып келді. Сонымен бірге 10 шақырымға жүгірген жас санаттары бойынша бірінші болып әйелдер арасынан да еррлер арасынан да Кениялық марафоншылар 30 минут 52 секунд нәтижемен бірінші болып келді.
Шара өтіп жатқан аумақта өатысушыларымыз мәре сызығына жүгіріп келгенше, үлкен экраннан Головкин мен Альварес арасындағы жекпе жекте көрсетілді. Мәре сызығын кескендер үлкен сахна жиналып, қазақстандық боксшыға қолдау көрсетті.
Жекпе жек нәтижесі белгілі болғаннан кейін ғана марафон жеңімпаздарын марапапттау рәсімі басталды.
Жарыс қорытындысы бойынша төменде абсолют пен жас санаттары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімін ұсынамыз:
42,2 км
Абсолют, ерлер (18-39 жас)
1. Эрик Керинг (2:17:57), Кения
2. Роберт Гаито (2:22:30), Кения
3. Амир Байтуканов (2:26:33), Қазақстан
Абсолют, әйелдер
1. Салина Джебет (2:31:09), Кения
2. Люси Ндунгу (2:33:12), Кения
3. Юлия Андреева (02:37:46), Қырғызстан
Жас санаттары бойынша:
18-39 жас, ерлер
1. Жоодарбек Кочконбаев (2:28:47), Қырғызстан
2. Беллор Ятор (2:30:24), Кения
3. Ғалымжан Жұмабаев (2:32:01), Қазақстан
Әйелдер
1. Жанна Мамажанова (2:38:56), Қазақстан
2. Дана Айдосова (2:47:19), Қазақстан
3. Мерси Джелимо Тоо (2:50:16), Кения
40-49 жас
Ерлер
1. Әскер Қожанов (2:49:56), Қазақстан
2. Юрий Егер (2:53:07), Қазақстан
3. Айбек Жотеков (3:04:55), Қазақстан
Әйелдер
1. Нелли Медведева (3:54:58), Қазақстан
2. Гюзаль Васева (4:02:59), Қазақстан
3. Инна Вишнякова (4:09:22), Қазақстан
50-59 жас
Ерлер
1. Павел Брода (2:55:31), Қазақстан
2. Меңдібай Әлімғазинов (3:01:17), Қазақстан
3. Талапнұр Байзақ (3:14:10), Қазақстан
Әйелдер
1. Валентина Титовская (4:21:19), Қазақстан
60-69 жас
Ерлер
1. Владимир Кривушкин (3:21:59), Қазақстан
2. Қазбек Бекеев (3:32:10), Қазақстан
3. Валерий Куликов (3:43:04), Қазақстан
Әйелдер
1. Любовь Асанова (4:29:43), Қазақстан
70+ жас
Ерлер
1. Николай Григорьев (3:38:54), Қазақстан
2. Қайырбай Сәлімов (4:01:35), Қазақстан
Әйелдер
1. Амельсин Мирошниченко (05:21:48), Қазақстан
10 км
Ерлер
1. Шадрак Коеч (00:30:52), Кения
2. Кеннет Ротич (00:31:45), Кения
3. Алексей Гусаров (00:31:57), Қазақстан
Әйелдер
1. Норах Джеруто (00:32:04), Кения
2. Дэйзи Джепкемей (00:32:05), Кения
3. Светлана Саунина (00:37:57), Қазақстан
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti.html?start=405#sigProId2d6ded32e4
16 сентября в Астане пройдет ежегодный международный марафон AstanaMarathon 2018.
С 2018 года Astana Marathon вошел в Ассоциацию международных марафонов и пробегов (AIMS).
На данный момент для участия в забеге зарегистрировано более 4000 человек (из них порядка 800 человек – на 42.2 км, 3500 человек – на 10 км) из Казахстана (37 городов) и зарубежных стран: Германии, России, Японии, Италии, Узбекистана, ОАЭ, Швеции, Южной Кореи, Великобритании, США, Кыргызстана, Франции, Турции, Австралии, Кении, Эфиопии, Грузии, Люксембурга, Испании, Беларуси, Малайзии и Финляндии. Регистрация последних желающих на 10 км завершится 15 сентября в 18:00 ч.
11 қыркүйек күні Астана қаласы бойынша «Қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің» ЕЦ-166/10» мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай сынақ мерзімін өтеушілер арасында жыл сайынғы спартакиада жарысы өтті.
В связи с проведением марафона «Astana Marathon-2018» 16 сентября (воскресенье) с 7:00 до 13:00 движение транспортных средств по маршруту забега будет ограничено полностью, передает официальный сайт акимата Астаны. Участникам Astana Marathon-2018 предстоит преодолеть две дистанции: на 10 км и 42,2 км.
Кроме того, временно планируется приостановить движение общественного транспорта на 11 автобусных маршрутах. Схемы движения 49 маршрутов будут изменены. В этой связи управление административной полиции ДВД Астаны просит жителей и гостей столицы заблаговременно планировать маршрут движения на автотранспорте, максимально исключая из него закрытые участки улиц.
16 қыркүйек, жексенбі күні Астанада Astana Marathon-2018 жыл сайынғы халықаралық марафоны өтеді. Спорттық шараға қатысуға Қазақстаннан және Германия, Ресей, Жапония, Италия, Өзбекстан, БАӘ, Швеция, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Қырғызстан, Франция, Түркия, Аустралия, Кения, Эфиопия, Эритрея, Грузия, Люксембург және Испания сынды әлемнің 20 мемлекетінен 4000-ға жуық адам ниет танытқан. Ұйымдастырушылар қатысушылар саны 5000-ға жуықтайды деп отыр, оның 320-сы – шетелдік агенттер. Марафон қашықтығының бағытын IAAF (Халықаралық жеңіл атлетика федерацияларының қауымдастығы) сертификаттаған.
Кеше Елордамыздағы «Алау» мұз айдыны сарайында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Тоғызқұмалақтан Астана қаласының ерлер және әйелдер арасындағы рапид пен шапшаң ойнаудан жекелей чемпионаты аяқталды. Атап өтсек бұл чемпионат 4 - 5 қыркүйек күндері өткен болатын. Жарысқа 35 әйел және 45 ер спортшылар қатысты.
Қазақстан Республикасының елордасы-Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай және Отбасы күніне арналған САЛАУАТТЫ ОТБАСЫ-САЛАУАТТЫ ҰЛТ «Отбасылық дуатлон» жарысыөтеді. Жарыс үш қашықтықта екі спорт түрінен өтеді. Жарысқа 8-9 жас, 10-11 жас және 12-13 жас дәрежесіндегі балалары бар отбасылар қатыса алады (ата – аналарының жасы есепке алынбайды).