+7 (7172) 26-63-47

IMG 8759Қазақстан Республикасы Елордасы – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Астана қаласының медицина ұйымдары арасында, Спартакиада іс-шарасының аясында гір тасын көтеру, жеңілатлетикалық эстафета және арқан тартыс түрлері бойынша жарыс өткізілді. Оған жүзден астам спортшылар қатысты. 

Турнирдің мақсаты – халықтың басым бөлігін жүйелі түрде денешынықтырумен және спортпен айналысуға тарту, денсаулығын нығайту, қызметкерлердің жұмысқа қабілеттілігін арттыру.
Аталмыш шараға келген спортшыларымыз ән шырқап, би билеп жарыстың алдында күш жігер жинап алды.

Жарысқа жалпы 18 команда қатысып, Спартакиаданың 3 түрінен жарысты. Көрермендермен жанкүйерлерде спортшыларға қолдау көрсетіп, дем берді.

Подробнее...  

IMG 0114 24 05 18 03 38Бүгін Қ. Мұнайтпасов атындағы орталық стадионда жеңіл атлетикадан есту қабілеті төмен мүгедек спортшылар арасында Астана қаласының ашық турнирі өтті. Ашық турнирге алпысқа  жуық көрермен және 42 спортшы қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен  және медальдармен марапатталды. 

Ұйымдастырушылар: «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Жігер» спорттық клубы» КММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ

Подробнее...  

AFisha fitnes 745x526

27 мамыр күні Астана қаласының Орталық саябағында, ашық аспан астында өтетін баршаға арналған тегін Fitness Park Astana жаттығуларына шақырамыз.  Онда кроссфит, йога, зумба, комбат батл және кардиозона сияқты танымал спорттық бағыттар бойынша білікті фитнес нұсқаушылары жетекшілігімен жаттығулар өткізіледі.

Жексенбі күні  сағат 10.00 де  Орталық саябақта барлық Елорда тұрғындары мен қала қонақтарын күтеміз.

AFisha fitnes 745x526

27 мамыр күні Астанада жексенбі сайын таза ауада өткізілетін жаттығулар маусымы басталады. Биыл алғашқы спорттық жаттығулар Астаналық саябақта ұйымдастырылмақ. 3 маусымнан бастап Студенттік, Президенттік, Жерұйық және Триатлон саябақтарында да өтетін болады.

Биылғы спорттық маусымның ерекшелігі – жексенбі сайын кәсіпқой жаттықтырушылармен таңертең (сағат 10:00-12:00) де, кешке (17:00-19:00) де сабақтар өтеді. Бұдан бөлек, Астаналық саябақ пен Триатлон саябағында аптасына үш рет – дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері – сағат 19:30-дан 20:30 дейін топтық жүгіруден сабақтар өткізіледі.

Подробнее...  

6e003682 c85a 4698 8e7f c9955ddb4b08

2018 жылғы 19 мамыр күні «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «NurOrda» мектеп-лицей оқушыларымен ата аналары арасында ұлттық спорт түрлерінен атап айтқанда асық ату, арқан тартыс, бұқа тартыс,бес тас, нысана ату, гір тасын көтеру, тоғызқұмалақ, қазақ күресі және  қол күресінен жарыс өттті. Шараға

Аталмыш шараға «NurOrda» мектеп-лицейінің оқушылары және олардың ата-аналары қатысты. Жалпы саны 30-ға жуық қатысушы, 60 көрермен жиналды. Жарыс соңында қатысушылар дипломдармен және жүлделі сыйлықтармен  марапатталды.

Ұйымдастырушылар: «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ

Подробнее...  

IMG 1936 21 05 18 09 15

19 мамыр күні Астана қаласында «Адал жол – Честный путь» антикоррупциялық марафоны аясында, «Есіл» ауданының мектеп оқушылары арасында  жеңіл атлетикадан эстафеталық жарыс өтті.

Аталмыш эстафетаға 10 мектеп, жалпы 76 мектеп оқушылары қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Ұйымдастырушылар: «Астана қаласының «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ

Подробнее...  

c9128055 7d4b 4193 90ca e1190e1474de2018 жылға арналған «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ қызметкерлері және басқармаға бағынысты барлық еңбек қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің – Елбасының сынақтарының ішіндегі кіші оқпанды (пневматикалық) мылтықтан 5 рет ату жарысынан тест тапсырды. Президенттік деңгей 18-70 жас аралығында болды.Барлық қатысушылар дайындықтарын жақсы көрсетіп, Президенттік сынама мен норматив түрлерінде жоғары көрсеткішпен дәлелдеді.

Подробнее...  

IMG 6977Астана қаласында триатлоннан Әлем Кубогы аяқталды. Аталмыш жарысқа ерлер мен әйелдер арасында кәсіпқой атлеттер сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады. Елорданың мерейтойына арналған жарысқа әлемнің әр түкпірінен 130 атлет қатысты. Бұл жарыста Қазақстанның намысын 3 спортшы қорғады.

Бірінші күні байрақты бәсекені бұрымдылар бастады. Алайда арулар ерке Есілге түсе алмады. Күннің суығынан спортшылар жүзген жоқ. Бірден жүгіріп кетті. 5 шақырым жүгіру, 40 шақырымелосипед тебу, кейіннен тағы да 10 шақырым жүгіріп өтті. Бұл жарысқа Қазақстандық спортшы қыздарымызда бағын сынады. Олар - Арина Шульгина мен Анастасия Автущко.

Подробнее...  

IMG 7301

Қазақстан Республикасы елордасы – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Астана қаласының мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің арасында, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, боулингтен жарыс өткізілді.

Жарысқа жалпы  9 команда қатысты. Сайыс барысында қатысушылар 9 топқа бестен бөлініп, өз бейімділіктері мен ерік күштерін көрсете білді. Жүлделі орындарға ие болған командаларға мақтау қағазы мен медальдар табысталды.

Подробнее...  

IMG 4793

17 мамыр күні Қ. Мұнайтпасов атындағы орталық стадионда«Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық – бұқаралық іс – шараларды өткізу дирекциясы» КММ және «Таза ниет – Астана» КҚ ұйымдастырумен «Спорт барлығы үшін -2018» атты қайырымдылық фестивалі өтті. 

 Аталмыш шара балаларды қорғау күніне орай, қатарынан екінші жыл ұйымдастырылып отыр. Фестивальге 200-ден астам бала қатысты.

Подробнее...  

32678495 217115375761329 6403015658094723072 nӘйелдер арасынан бокстан өткен 2018 жылғы Қазақстан Чемпионатына еліміздің 15 аймағынан келген 76 боксшы қыздар қатысты. Командалық есепте Астана командасы бірінші орынды үш алтын және екі қола медальмен алса, Алматы екі алтын, бір күміс және төрт қола медальмен, Ақмола облысы екі алтын және екі қола медальмен үшінші орынға ие болды. 
Қазақстан чемпиондары жанкүйерлермен жаттығулар өткізді. 2018 жылғы бокстан Қазақстан чемпиондары финалдық жекпе-жектерден кейін арнайы сыйлықтармен марапаталып, жанкүйерлерге деген алғысын айтты. Спортшы қыздарымыз жанкүйерлерімен арнайы гимнастика өткізіп, оларға бокстың қыр сырын оның ішінде соққы түрлерін көрсетіп және қолтаңба берді.

Подробнее...  

44Келіп жеткен, Қасиетті Рамазан айы мүбәрәк болсын! Отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз!!!!! Ораза қабыл болсын!!!
Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ

IMG 4701Бүгін Астанадағы «Дәулет» комбинатында қыздар арасындағы бокстан ҚР Чемпионатының үшінші күні өтті. 57 келіге дейінгі салмақта сыңға түскен Астаналық Сабынбекова Айдана және Сұлтанқызы Сания. Атырау қаласының атынан шыққан Ищанова Назым жерлесімізден басым түсіп жартылай финалға жолдама алды. Ал, Сания Султанқызы (57 келіге дейін) СҚО боксышы қызы Касянова Зауремен жұдырықтасып жеңіске жетті. 64 келіге дейінгі салмақта сыңға түскен Абыкеева Аида Тараздық Абылхан Сандуғашты айқын басымдылықпен жеңді. Шаршы алаңда СҚО Абдімалік Айыммен қолғап түйістірген жерлесіміз Ләззат Күнгейбай (81 келіге дейін) жартылай финалға өтті.

14 05 2018Кеше  Астанадағы Дәулет спорт кешенінде бокстан әйелдер арасындағы ҚР Чемпионатының екінші күні өтіп жатыр. Шаршы алаңға бүгін 14 спортшы шықпақ. Елордамыздың атынан екі спортшы қызымыз күш сынасады. Жеребеге сәйкес бірінші кезеңде 60 келіге дейінгі салмақтағы Волосенко Римма Қарағанды спортшысы Ақниет Әбдіқожамен жұдырықтасады, 81 келіге дейінгі салмақта астаналық Мукушпекова Алтын Тараздық Юлдуз Маматкуловамен кездеспек.

13 05 2018Бүгін 13 мамыр күні Дәулет спорт кешенінде бокстан əйелдер арасында ҚР Чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Аталмыш шараның ашылу салтанатында ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Тасбулатов Абай Бөлекпайұлы сөз сөйлейді.Айта кетейік, боксшылар шаршы алаңға бүгіннен бастап шығады. Біздің спортшы қыздарымызға жекпе-жекте сәттілік тілейміз!!!!!!!