Бүгін №66 мектеп-лицейінің спорт алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Есіл» ауданының мектеп оқушылары арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Атап айтқанда арқан тартыс, бұқа тартыс және асық ату түрлері бойынша.
Жарысқа 8 мектеп, жалпы 60 -қа жуық Есіл» ауданы мектептерінің 3-4 сынып оқушылары қатысты.
Құрметті Астана қаласының тұрғындары және қала қонақтары сіздерді 2018 жылғы 16 маусымда «Астаналық» орталық саябағында өтетін «Алға басу – движение вперед» мемлекеттік қызметкерлер арасындағы қайырымдылық жүгіріске шақырамыз!
Жарыстың басты мақсаты –Мемлекеттік қызмет жүйесінің 20 жылдығын мерекелеуіне және «Мемлекеттік қызметкерлер күні» мерекесіне орай барлық облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалаларында бір уақытта мәреге шығу; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту; мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және денешынықтыру мен спортқа баулу; бұқаралық спорт түрлерін насихаттау; «ДОМ» қайырымдылық қорына қолдау көрсету.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада Әзірбайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Ойынның 12-ші минутында әріптесінен әуелетіп пас алған Роман Муртазаев допты баспен қақпаға дәл көздеп, есепті ашқан болатын. Арада 3 минут өткенде Серікжан Мужиков қарсыластарын қапы қалдырып, есепті 2:0-ге жетті.Ойындағы үшінші голды 90 минутта жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов өз еншісіне жазды. Оның алыстан қия тепкен добын Әзірбайжан құрамасының қақпашысы қайтара алмады.
Бүгін Астана қаласында бокс бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы үшін VI Халықаралық турнирі басталды. Осы жылы турнирге 15 елдің өкілдері қатысады, атап айтқанда Беларусь, Үндістан, Ресей, Жапония, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай, Филиппин, Швеция, Тәжікстан, Тайланд, Түрікменстан, АҚШ, Өзбекстан және Қазақстанның –барлығы 170-ге жуық боксшылар, оның ішінде 130-ы ер, 30-ы қыздар. Жарысқа ерлер арасынан барлық 10 әуесқой салмақ дәрежелері мен қыздар арасында 4 салмақ – 51-ге дейін, 57-ге дейін, 60-қа дейін және 75-ке дейінгі дәрежелерінде қатысады.
Бүгін Дəулет спорт кешенінде баспасөз орталығындаҚазақстан Республикасы Президентінің Кубогі үшін бокстан VI Халықаралық турнирініңбаспасөз жиыны өтті.Бүгін Астанада басталғалы жатқан бокстан ҚР Президенті Кубогында үздік өнер көрсеткен ұлттық құраманың боксшылары Азия Чемпионатында ел намысын қорғайтын болады. Бұл туралы бүгін «Дәулет» спорт кешенінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов мәлім етті. Айта кетейік, осы турнирге Ұлттық құраманың 36 боксшысы қатысып жатыр.
ҚР Президенті Кубогының басталуына орай өткізілген баспасөз мәслихатында бас бапкер «Осы турнирден жеңімпаз атанған боксшылар Азия Чемпионатына іріктеле ме?» деген сұраққа жауап берді.
4 маусым күні Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық – бұқаралық іс – шараларды өткізу дирекциясы» КММ рәміздер күніне орай, дөңгелек үстел өткізді. Аталмыш шараға дирекция қызметкерлері қатысып, мемлекеттік рәміздердің тарихын, мағынасын, спорт саласындағы ерекше орын алатыны жайлы айтты. Мерекелік жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимн шырқалды.
Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық – бұқаралық іс – шараларды өткізу дирекциясы» КММ басшысы Азамат Болатұлы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. Сөз соңында мекеме басшысы -мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын түсіндіріп, оны насихаттау екенін айтты.
Құрметті Астана қаласының тұрғындары және қала қонақтары сіздерді 5-10 маусым аралығында «Дәулет» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасындағыбокстан ҚР Президентінің кубогы үшін VI Халықаралық турнирін тамашалауға шақырамыз! Аталмыш турнирге қазақстандық спортшылар және әлемнің 15 елінен келген 130 ер, 40 әйел боксшы қатысады.
Былғары қолғап шеберлері ерлер арасында 10 салмақ дәрежесі бойынша шаршы алаңға шықса ал, қыздар арасында 4 салмақ дәрежесі бойынша (51 кг, 57 кг, 60 кг, 75 кг дейін) өзара мықтыны анықтайтын болады.
Сонымен қатар Қазақстандық бокс федерациясы турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақылар береді: 1 орын – 2000 доллар, 2 орын – 1000 доллар және 3 орынға - 500 доллар.
3 июня в городе Степногорск прошел турнир погиревому спорту среди жители городав рамках программы «Рухани Жанғыру» и празднования 20 летия Столицы. В общей сложности в соревнованиях приняли участие около 20 человек.Всего желающих, состязаться составило 18 человек в трех категориях 36-24-16кг. Схватка задалась тяжелой. Но с силой и упорством спортсмены уверенно преодолевали подходы. Каждый стоял до последнего, и боролся за лидерство.
Организаторы наградили победителей и участников турнира ценными призами, медалями и грамотами.
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағдарламасы бойынша, дене шынықтыру мен спортты одан әрі жаппай дамыту, Президенттік сынақтарды, халықтың,спортшылардың дене шынықтыру даярлығын және салауатты өмір салтын насихаттау барысында, бүгін Қ. Мұнайтпасов атындағы орталық стадионда, Республикалық Ұлттық киокушинкай-кан каратэ федерациясының спортшылары арасындағы ҚР Тұңғыш Президентінің – Елбасының сынақтарын тапсырды. Сынаққа 150 спортшы қатысты.
Жадыраған жаздың алғашқы күні, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күн – балалардың әрдайым қамқорлықта, ал, үлкендердің олар үшін жауапкершілікте болуын еске салатын күн. Осыған орай, Халықаралық балаларды қорғау күніне «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының қайырымдылық акциясы өтті.
Акция аясында аналарымыз балаларымен бірге 1 шақырым жерді қол арбаларымен серуендеп жүріп өтті. Сонымен қатар қатысушы аналарымыз «АНА ҮЙІ»-де тұрып жатқан балалрдың киімдерін іліп, әрбір балаға және оның анасына бақыт пен денсаулық тіледі. Аталмыш мерекеге 20 ғ-дың 90-жылдары “Гиннестің рекордтар кітабына” жеті рет тіркелген, алыс қашықтыққа жүгіретін спортшы, жүгіруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1993) Марат Төлегенұлы Жыланбаев қатысты. Сөз барысында Марат Төлегенұлы кішкентай балақайларға мықты денсаулық тіледі.
Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Сарыарқа» ауданында орналасқан «Үміт» дағдарыс орталығы» тәрбиеленуші балалары арасында «Көңілді старт» жарысы өткізілді.
Іс-шараға барлығы 3 команда қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 30, көрермендердің саны 20-ға жуық болды. Жеңімпаздар дипломдармен, сондай-ақ ұйымдастырушылардың сыйлықтарымен марапатталды.
31 мамыр күні «Есіл» ауданының мектеп оқушылары арасында «Көңілді старт» жарысы өткізілді. Іс-шара Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған. Жарысқа 72 бала қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша
1 орын - № 81 «Astana English School» мамандандырылған гимназия
2 орын - № 77 мектеп-гимназия
3 орын - № 71 мектеп-лицейі
1 маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Балалар аман болсын, денсаулығы мықты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз. Отанымыздың мақтанышы болуларына тілектеспіз! Жас ұрпақ, жас буын, жасөспіріпдеріміз аман болсын.
Мереке құтты болсын!
Астана қаласындағы «Студенттік», «Президенттік», «Жерұйық» және «Астана» орталық саябақтарда 26-29 мамыр күндері Саябақтағы бағдарлау спортынан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтіп жатыр.
Бұған дейін қалың ормандарда өтіп жүрген сайыс енді қала ішіндегі саябақтарда да ұйымдастырылды. Атап айтсақ осы 4 күн бойы «Студенттік», «Президенттік», «Жерұйық» және «Астана» орталық саябақтарда жарыс өткізілмек. Қазір әлемде осы ойын түрі етек жая бастады.
Жылдамдық пен ептілікті әрі жолсыз бағытта тез шешім қабылдауды қажет ететін ойын түрі бүгінде еліміздің 9 аймағында тіркелген. Аталмыш Чемпионатқа Қазақстанның 9 аймағынан 200 ге жуық спортшы келді. ҚР Чемпионатында спортшылар қысқа және орта қашықтық сайыста сынға түседі.
26-27 мамыр күні Астана қаласындағы «Даулет» Спорткомбинатында балалар арасында теннистен «Қызыл доп» турнирі өткізілді. Турнирге 5-8 жас аралығындағы 76 бала қатысып, оның ішінде алты бала жеңімпаз атанды.
Қыздар арасынан 1орын- Султанбек Ясмин (Астана), 2 орын - Асет Алина (Ақтөбе), 3 орын - Богрянская Ника (Астана), ал ұлдар арасынан 1орын- Ниеткалиев Ансар (Астана), 2 орын - Сыздықов Аркен (Астана), 3 орын- Кривоносов Мирон (Қарағанды).
Ұйымдастырушылар: «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Даулет» Спорткомбинанты МКҚК, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ