Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағдарламасы бойынша, дене шынықтыру мен спортты одан әрі жаппай дамыту, Президенттік сынақтарды, халықтың,спортшылардың дене шынықтыру даярлығын және салауатты өмір салтын насихаттау барысында, бүгін Қ. Мұнайтпасов атындағы орталық стадионда, Республикалық Ұлттық киокушинкай-кан каратэ федерациясының спортшылары арасындағы ҚР Тұңғыш Президентінің – Елбасының сынақтарын тапсырды. Сынаққа 150 спортшы қатысты.
Жадыраған жаздың алғашқы күні, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күн – балалардың әрдайым қамқорлықта, ал, үлкендердің олар үшін жауапкершілікте болуын еске салатын күн. Осыған орай, Халықаралық балаларды қорғау күніне «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының қайырымдылық акциясы өтті.
Акция аясында аналарымыз балаларымен бірге 1 шақырым жерді қол арбаларымен серуендеп жүріп өтті. Сонымен қатар қатысушы аналарымыз «АНА ҮЙІ»-де тұрып жатқан балалрдың киімдерін іліп, әрбір балаға және оның анасына бақыт пен денсаулық тіледі. Аталмыш мерекеге 20 ғ-дың 90-жылдары “Гиннестің рекордтар кітабына” жеті рет тіркелген, алыс қашықтыққа жүгіретін спортшы, жүгіруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1993) Марат Төлегенұлы Жыланбаев қатысты. Сөз барысында Марат Төлегенұлы кішкентай балақайларға мықты денсаулық тіледі.
Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Сарыарқа» ауданында орналасқан «Үміт» дағдарыс орталығы» тәрбиеленуші балалары арасында «Көңілді старт» жарысы өткізілді.
Іс-шараға барлығы 3 команда қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 30, көрермендердің саны 20-ға жуық болды. Жеңімпаздар дипломдармен, сондай-ақ ұйымдастырушылардың сыйлықтарымен марапатталды.
31 мамыр күні «Есіл» ауданының мектеп оқушылары арасында «Көңілді старт» жарысы өткізілді. Іс-шара Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған. Жарысқа 72 бала қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша
1 орын - № 81 «Astana English School» мамандандырылған гимназия
2 орын - № 77 мектеп-гимназия
3 орын - № 71 мектеп-лицейі
1 маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Балалар аман болсын, денсаулығы мықты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз. Отанымыздың мақтанышы болуларына тілектеспіз! Жас ұрпақ, жас буын, жасөспіріпдеріміз аман болсын.
Мереке құтты болсын!
Астана қаласындағы «Студенттік», «Президенттік», «Жерұйық» және «Астана» орталық саябақтарда 26-29 мамыр күндері Саябақтағы бағдарлау спортынан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтіп жатыр.
Бұған дейін қалың ормандарда өтіп жүрген сайыс енді қала ішіндегі саябақтарда да ұйымдастырылды. Атап айтсақ осы 4 күн бойы «Студенттік», «Президенттік», «Жерұйық» және «Астана» орталық саябақтарда жарыс өткізілмек. Қазір әлемде осы ойын түрі етек жая бастады.
Жылдамдық пен ептілікті әрі жолсыз бағытта тез шешім қабылдауды қажет ететін ойын түрі бүгінде еліміздің 9 аймағында тіркелген. Аталмыш Чемпионатқа Қазақстанның 9 аймағынан 200 ге жуық спортшы келді. ҚР Чемпионатында спортшылар қысқа және орта қашықтық сайыста сынға түседі.
26-27 мамыр күні Астана қаласындағы «Даулет» Спорткомбинатында балалар арасында теннистен «Қызыл доп» турнирі өткізілді. Турнирге 5-8 жас аралығындағы 76 бала қатысып, оның ішінде алты бала жеңімпаз атанды.
Қыздар арасынан 1орын- Султанбек Ясмин (Астана), 2 орын - Асет Алина (Ақтөбе), 3 орын - Богрянская Ника (Астана), ал ұлдар арасынан 1орын- Ниеткалиев Ансар (Астана), 2 орын - Сыздықов Аркен (Астана), 3 орын- Кривоносов Мирон (Қарағанды).
Ұйымдастырушылар: «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Даулет» Спорткомбинанты МКҚК, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ
Ағымыздағы жылдың 26-27 мамыр аралығында Астана қаласында Сомдалу спорт түрінен мүмкүнділігі шектеулі спортшылар және спортшылар арасында Астана қаласының Чемпионаты өтті. Жарысқа 100-ден астам спортшы қатысты. Чемпионат ерлер және әйелдер арасында өткізілді.
Сомдалудан Астана қаласының Чемпионатының жеңімпаздар тізімі:
1 орын – Милованова Любовь, Сункар Альфараби
2 орын – Перан Александр, Казанский Александр
3 орын – Ковырев Виталий, Аушамов Алмас, Егорин Сергей, ЕржановАйбар
Бүгін Астана қаласында «Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Есіл» ауданының мектеп оқушылары арасында шағын футбол турнирінен жарыс өтті.
Аталмыш турнирге 9 командадан тұратын 72 қатысушы қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша 1 орынды №78 мектеп-гимназиясы алса, 2 орынды Республикалық физика-математика мектебі иемденді, ал 3 орынды №75 мектеп-лицейі қанағат тұтты.
Турнирге қатысқан жеңімпаз командалар дипломдармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.
26 мамыр күні Астана қаласында «Дәулет» СК Мәдениет және спорт Министрлігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Сенің жаңа қырың!» («Другой ты!») челленджі аясында өңірлермен ауқымды «Спорттық Телекөпір» ұйымдастырды.
1 миллионнан астам адам Елбасының салауатты өмір салтын насихаттайтын «Сенің жаңа қырың!» («Другой ты!») бастамасын қолдады. Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған телекөпірге еліміздің аймақтары да атсалысты. Шымкент, Өскемен және Петропавл мен Ақтау қаласының тұрғындары Астанамен бейнебайланысқа шығып барлығы бір мезетте дене шынықтыру жаттығуларын жасады. Шараға Серік Сәпиев, Василий Левит, Гюзель Манюрова сынды белгілі спортшылар мен әртістер де қатысты. Бейнебайланысқа еліміздің 4 өңірі ғана қосылғанымен бастамаға басқа аймақтар да қолдау білдірді. Облыстардың қатысушылары Астанадан берілген старттан соң, арнайы музыканың сүйемелдеуімен кешенді жаттығулар жасады.
Бұл бастаманың мақсаты — еліміздің тұрғындары арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау. Акция аясында отандық танымал спортшылардың, еліміздің мәдениет және масс-медиа өкілдерінің қатысуымен ашық жаттығулар өткізу. Осылайша, олар қазақстандықтарды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға ынталандыратын болады.
«Құрметті отандастар! Спортпен шұғылдану, жаттығу жасау — саламатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі кепілі болып саналады. Денсаулығы мықты адам ғана бақытты өмір сүріп, биік мақсатқа қол жеткізе алады. Бүкіл адамзатқа белгілі қағида — байлық та емес, мансап та емес.
Бүгін салауатты өмір салтын насихаттау барысында
2018 жылға арналған «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ қызметкерлері және басқармаға бағынысты барлық еңбек қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жазғы спорт түрлері бойынша жүзуден сынақ тапсырды. Президенттік деңгей 18-70 жас аралығында болды. Барлық қатысушылар дайындықтарын жақсы көрсетті.
Аталмыш жарыстың мақсаты мен міндеті Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және Қазақстанның аймақтары мен спорт клубтарында Президенттік тестілеуді дамыту және дәріптеу болып табылады. Жарыс мықтыны анықтау мен салауатты өмір салтын насихаттау және халық арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Елордасы – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Астана қаласының медицина ұйымдары арасында, Спартакиада іс-шарасының аясында гір тасын көтеру, жеңілатлетикалық эстафета және арқан тартыс түрлері бойынша жарыс өткізілді. Оған жүзден астам спортшылар қатысты.
Турнирдің мақсаты – халықтың басым бөлігін жүйелі түрде денешынықтырумен және спортпен айналысуға тарту, денсаулығын нығайту, қызметкерлердің жұмысқа қабілеттілігін арттыру.
Аталмыш шараға келген спортшыларымыз ән шырқап, би билеп жарыстың алдында күш жігер жинап алды.
Жарысқа жалпы 18 команда қатысып, Спартакиаданың 3 түрінен жарысты. Көрермендермен жанкүйерлерде спортшыларға қолдау көрсетіп, дем берді.
Бүгін Қ. Мұнайтпасов атындағы орталық стадионда жеңіл атлетикадан есту қабілеті төмен мүгедек спортшылар арасында Астана қаласының ашық турнирі өтті. Ашық турнирге алпысқа жуық көрермен және 42 спортшы қатысты.
Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен және медальдармен марапатталды.
Ұйымдастырушылар: «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Жігер» спорттық клубы» КММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ
27 мамыр күні Астана қаласының Орталық саябағында, ашық аспан астында өтетін баршаға арналған тегін Fitness Park Astana жаттығуларына шақырамыз. Онда кроссфит, йога, зумба, комбат батл және кардиозона сияқты танымал спорттық бағыттар бойынша білікті фитнес нұсқаушылары жетекшілігімен жаттығулар өткізіледі.
Жексенбі күні сағат 10.00 де Орталық саябақта барлық Елорда тұрғындары мен қала қонақтарын күтеміз.